Алтын сақа — 2024
28.03.2024
569
8

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында көптен күткен “Алтын сақа” театрішілік фестивалі де өз мәресіне жетті. 24 наурыз бен 27 наурыз аралығында өткен байқау қазылар алқасының көңілінен шығып, әртістерге марапаттар табысталды. 14 жүлдені қанжығасына байлаған қатысушылар еңбектерінің еленгендеріне қуанышты. Қазылар алқасының құрамында М.Әуезов атындағы драма театрының актрисасы Данагүл Темірсұлтанова да бой көрсетті. Театр саласының кәсіби мамандары өздерінің әділ бағасын берді. Фестивальге  “Кішкентай ханзаданың оралуы”, Түкбілмес”, “Тойы көп үй”, “Оптимистік трагедия”, “Әпке”, “Берарда Альбаның үйі”, “Йерма” атты спектакльдер қатысты.

Театрішілік байқауда оза шауып, асығы алшысынан түскен өнерпаздарға ақшалай сыйлық пен диплом табысталды. Сағат Жылгелдиев атындағы арнайы жүлде — «Тойы көп үй» спектакліндегі Қали рөлі үшін Қуаныш Тұрдалин,  Жанат Хаджиев атындағы арнайы жүлде — «Йерма» спектакліндегі Хуан рөлі үшін Елдар Отарбаев, Әмина Өмірзақова атындағы арнайы жүлде – «Бернарда Альбаның үйі» спектакліндегі Бернарда рөлі үшін Гүлжамал Қазақбаева, Қасым Жәкібаев атындағы үздік ер адам бейнесі — «Оптимистік трагедия» спектакліндегі Сырылдақ рөлі үшін Мақсат Сәбитов, Раиса Мұхамедиярова атындағы үздік әйел адам бейнесі — «Йерма» спектакліндегі Йерма, «Бернарда Альбаның үйі» спектакліндегі Ангустиас рөлдері үшін Ақбота Рахат.

Сондай-ақ “Екінші пландағы ер адам бейнесі — «Оптимистік трагедия» спектакліндегі Вайнонен рөлі үшін Мерей Әджібеков,  Екінші пландағы әйел адам бейнесі — «Бернарда Альбаның үйі» спектакліндегі Амелия, «Йерма» спектакліндегі Мария рөлдері үшін Динара Шымырбаева марапатталды.

27 наурыз халықаралық “Театр” күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаевабан Алғыс хаттар табысталды.  

Айта кетсек, “Алтын сақа” театрішілік фестиваль 2016 жылдан бері жалғасын тауып келеді. Биылғы жылғы үздік  және марапатталған  әртістерді құттықтаймыз!

Қараш Алтынай

 

 

 

ПІКІРЛЕР8
Аноним 28.03.2024 | 13:25

Керемет

Аноним 28.03.2024 | 13:25

Мақала өте қызықты екен

Аноним 28.03.2024 | 13:30

Жаксы макала шыгыпты,жеткизу онери катты дамыган екен!!!

Аноним 28.03.2024 | 13:31

🤩🤩

Аноним 28.03.2024 | 13:32

Алтынай жарайсыз! Мақала…👍

Аноним 28.03.2024 | 13:33

Өте түсінікті ! Театрга деген қызықушылықым арта түсті😻

Аноним 28.03.2024 | 13:51

Керемет👍

Аноним 28.03.2024 | 13:55

Бүгінгі күннің үздік мақаласы болды! Өте тамаша жазылған👍

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір