ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ»ШЫҒЫСТАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
6 сәуірде «Шығыстанушының өзекті мәселелері» дөңгелек үстел отырысының салтанатты ашылуында Шығыстану факультетінің деканы, т.ғ. к., доцент Ем Н.Б. осы мамандықтың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ шығыстанушылардың стратегиялық рөлін және жас шығыстанушылар үшін жағдайларды жақсарту және мүмкіндіктер жасау бағытында жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ф. ғ. д., профессор Надирова Г. Е., ф. ғ. д., профессор Жұбатова Б. Н., т. ғ. д., профессор Мұхаметханұлы Н. сияқты танымал ғалымдар, Шығыстану факультетінің құрметті оқытушылары қатысты. Ф.ғ. к., доцент Қыдыр Т. Е., PhD докторы, доцент Дауен Д. Б., PhD докторы, шетелдік профессор Такаши Н., ф.ғ. к., доцент Құрманали Чакыроғлу А. А., доцент Қуанышбаев Е. А., баяндамаларын жасады. Сонымен қатар, факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында шығыстанушылардың өзекті мәселелері, ғылыми зерттеулердің қазіргі даму тенденциялары, сондай-ақ шығыстанушы мамандығының өзін-өзі таныстыру және брендтеу мәселелері, жазбаша дереккөздердің маңыздылығы және жас ғалымдардың санасындағы жаңа тенденциялар қарастырылды. Ғалымдардың ұсынған ұсыныстарын аудитория жылы қабылдап, қызу пікірталас тудырды. Дөңгелек үстел нәтижелері бойынша хаттама жасалды.
Дөңгелек үстел соңында Фараби әлемі «Халықаралық студенттер мен жас ғалымдар конференциясының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Мақала жолдаушы:
Маулит Бақытнұр