«Сатира сарқытынан» дәм татқан күн
26 наурыз күні ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Қазақстан Жазушылар одағы Сатира кеңесінің төрағасы, белгілі сатирик-жазушы Ермахан Шайхыұлының «Сатира сарқыты», түрік тілінде жарық көрген «Әйелім базарда» және балаларға арналған «Медина мәзірі» атты үш бірдей кітабының таныстырылымы өтті
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының хатшысы Қансейіт Әбдезұлының модераторлығымен өткен әсерлі кеште Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегманов Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының атынан құттықтау сөз сөйлеп, сатирик-жазушы Ермахан Шайхыұлының шығармашылық еңбегіне сәттілік тіледі.
Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, ақын Бауыржан Жақып пен белгілі ақын-жазушылар Нұрдәулет Ақыш, Кәкен Қамзин, Жұмаш Кенебай, Болат Шарахымбай, Көлбай Адырбек, Сәкен Сыбанбай, Дүйсен Мағлұмов, Болатбек Төлепберген, Гүлзейнеп Сәдірқызы, профессор Айгүл Рамазан өз құттықтауында сатирик-жазушы хақындағы жүрекжарды сөздерін айтып, тілектерін жеткізді.