Алматы метросында халықтың көңілін көтерген театр актерларына жұрт риза болды
28.03.2024
719
0

27 наурыз Халықаралық театр күнінде жаңадан құрылған ASSYLTAS театрының бір топ құрамы метро вагондарына кіріп, ән шырқады. Төлегеннің ариясын, “Қыз Жібек” операсынан “Гәкку” әнін орындаған театр ұжымына халық ықылас танытып, қол соқты.
Театр әртісі Алмас Шаяхметов дүйім жұртты қазақ театрларын қолдауға шақырды.
“Театр адамдарды біріктіреді, білім мен әдеби көкжиекті кеңейтеді, өз өміріміз жайында ойланып, сезінуге әсер ететін орын. Әр қазақ театрға барып тұруы қажет, сонда күйбең тіршіліктегі проблемаларын бір сәт ұмытып, рухани байып қайтар еді”, — деді А.Шаяхметов.

Айта кетейік, ASSYLTAS театры үш ай бұрын құрылып, “Арена” атты спектаклімен Қазақстанның бірқатар қалаларына гастрольлдік сапармен барып қайтты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір