ЖЫР АЛЫБЫ – ЖАМБЫЛ
Таяуда Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде «Жыр алыбы – Жамбыл» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Университет ректоры, академик Тілектес Есполовтың құттықтау сөзімен ашылған мәдени шараға «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, жазушы Жұмабай Шаштайұлы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, жазушы-публицист Уәлихан Қалижан, ҚазҰПУ профессоры, әдебиеттанушы ғалым Темірхан Тебегенов, Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, жыршы-термеші, Ж.Жабаевтың шөбересі Бекмұрат Жамбыл, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармония директоры, жыршы-термеші Ақан Әбдуәли сынды ұлт руханиятының белгілі өкілдері қатысты.
Жиын Жамбыл өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін театрландырылған көрініспен басталды. Шара барысында ақынның жырлары оқылып, айтыстарынан үзінділер ұсынылып, ҚазҰАУ телестудиясы әзірлеген деректі фильм көрсетілді.
Кешті қорытындылаған университет ректоры Жамбылдың ұрпағы, жазушы Жұмабай Шаштайұлын «Аграрлық білім мен ғылымды өркендетуге қосқан айрықша еңбегі үшін» медалімен жәнеоқу орнының 85 жылдығына орай шығарылған мерейтойлық Алтын медалімен марапаттады. Сонымен қатар, аталмыш оқу орнының рухани тыныс-тіршілігіне атсалысып жүрген «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, журналист Гүлзейнеп Сәдірқызы, Жамбылдың шөбересі Бекмұрат Жамбыл мен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармония директоры, жыршы-термеші Ақан Әбдуәли мерейтойлық Алтын медальмен марапатталды.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.