Кенді Алтайдың алыбы
23.09.2025
239
0

«Қазмырыш» компаниясы – Қазақстанның түсті металлургия көшбасшыларының бірі. Мырыш, мыс, қорғасын және бағалы металдар өндіретін интеграцияланған компанияның негізгі кәсіпорындары еліміздің Шығыс Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарында орналасқан. 1997 жылы Шығыс Қазақстандағы түсті металдар өндірумен және өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды біріктіру арқылы құрылған компанияның ілгері басуы еліміздің даму жолымен қатар жүрді деуге болады.

«Қазмырыш» ЖШС өзі құрылғаннан бергі ширек ғасырдан астам уақыт ішінде өндірістік қуаттар мен өнім өндіруді едәуір арттырды. Өндірістік даму жоспарына сай компания құрылған жылдың маусым айында Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласынан 18 шақырымдай жерде Малеев кенішін іске қосты. 2017 жылы осынау аса ірі жерасты кенішіне цифрлы технологиялардың көмегімен бұрынғыдан да қауіпсіз жұмыс жағдайы мен жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізіп, кенішті онлайн режімде басқаруға мүмкіндік беретін Pitram инновациялық жүйесі іске қосылды. Сонымен қатар 2010 жылы Васильков кенішінің құрылысы аяқталып, жаңа металлургиялық жобалар жүзеге асырылды. Өндіріс ошақтары жаңартылып, өнеркәсіптік қуаттар артты. Мәселен, құрамына мырыш, қорғасын, мыс, бағалы металдар және күкірт қышқылын өндіретін бес бірдей зауыт кіретін Өскемен металлургия алаңын алсақ болады. Мұнда барлық өндірістің инфрақұрылымы ортақ. Зауыттардың бір алаңда орналасуы кешеннің шикізаттан неғұрлым көбірек пайдалы құрамдастар айырып алуына мүмкіндік беретін бірегей технологиялық тәсімін құрайды. Жыл сайын осы бағыттарда жасалған жүйелі жұмыстың арқасында өндіріс тиімділігі артып, ішкі-сыртқы нарықта сұранысқа ие металлургиялық дайын өнім түрлері көбейді. Өндірісте үдерістерді автоматтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілді.
Түсті металдар өнеркәсібіндегі жаңа технологияларды өндіріске енгізе отырып, әлемдік озық тәжірибелер негізінде жұмыс істейтін компанияның кәсіпорындары еліміздің алты елді мекенінде орналасқан, уақыт талабына сай жаңғыртылған төрт байыту фабрикасы, екі металлургиялық кешен өнімдері сапасына қарай бағалы болуымен нарықта сұранысқа ие. Дайын өнімнің 23 түрі, 5 негізгі металл – алтын, күміс, мырыш, қорғасын, мыс өндіріледі. «Қазмырыш» өнімдерінің экспорттық географиясы ауқымды, ол Еуропа мен Азияның көптеген елдерін қамтиды.
Компанияның Жәйрем, Көкшетау, Өскемен, Риддер, Алтай, Серебрянск елді мекендерінде орналасқан өнеркәсіптік алаңдарында жалпы алғанда 300-ден астам мамандық түрлерін меңгерген 20 000-нан астам адам еңбек етеді. Кәсіби білікті, жа­уапкершілігі жоғары маман – компанияның ең құнды ресурсы. Қазмырыштық әрбір төртінші қызметкердің жоғары білімі бар. Болашағынан үміт күттірер жастар компанияның қолдауымен қалаған мамандығына сай кәсіби жоғары білім ала алады. Әрқашан бизнес тиімділігін арттырудың, сондай-ақ жұмыстың неғұрлым жетілдірілген және қауіпсіз әдістерін меңгеру үшін озық әлемде бар жаңалықтардан сырт қалмау қажеттігі даусыз. Осы тұрғыдан алғанда, компания қызметкерлері тәжірибе алмасу үшін Ұлыбритания, Италия, Түркия, АҚШ, Канада, Аустралия, ОАР, Ресей және басқа да елдерге жіберіледі. Сонымен қатар жыл сайын 11 мыңнан астам қызметкер компанияның есебінен білімін жетілдіреді.
«Қазмырыштың» барлық өнеркәсіптік алаңшалары, қосалқы бөлімшелерді қоса алғанда, бірыңғай интеграцияланған өндірістік тізбекке енгізілген. Карьерлер мен кеніштерде өндірілетін шикізат жаңғыртылған байыту фабрикаларында өңделеді, содан кейін металлургия кешендеріне жөнелтіледі, онда жоғары сапалы дайын өнім шығарылады. Компанияның өнеркәсіптік алаңшаларында заманауи технологиялар мен жабдықтар қолданылады, олар өнім сапасын арттырып, өнімділікті ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, «Қазмырыш» сапасы бүкіл әлемде танылған жоғары маркалы алтын шығарады. Ақмола облысында орналасқан еліміздегі ең ірі алтын өндіретін кәсіпорын «Altyntau Kokshetau» компанияның өнеркәсіптік бөлімшесі болып табылады. Мұнда ашық әдіспен жылына орта есеппен 15 тоннаға дейін алтын өндіріледі. 2009 жылы пайдалануға берілген байыту фабрикасы Канада, Аустралия, АҚШ, Швеция, Финляндия, Германия, Италия және Ресейде жасалған жоғары технологиялық жабдықтармен жарақталған. «Қазмырыш» мамандары ашық фабрикада әлемде бірінші рет құрамында күшән өте көп алтын төзімді кенін қауіптілігі бірінші класты қалдықсыз өңдеудің аралас технологиясын жасап, өндіріске енгізді. Кенді ұнтақтау төрт микронға дейін (адамның шашынан да жіңішке) жеткізілді, бұл – әлемдегі ең ұсақ ұнтақтау. Осылайша алынған Доре қорытпасы Өскемен металлургия кешенінің аффинаж зауытына жөнелтіліп, соңғы өнім – тазартылған алтын құймакесектері дайындалады.
Сондай-ақ компанияның бір ғана өнеркәсіптік алаңының – 8 мыңнан астам адам еңбек ететін Риддер кен байыту кешенінің жұмысына тоқталып өтелік. Онда Тишин, Шубинск және он сегізінші ғасырдан бері пайдаланылып келе жатқан Риддер-Сокольный кеніштерінің кендері, сондай-ақ Старый қалдық қоймасының құрамында алтын бар қалдықтары қайтадан өңделеді. Шикізат түрлері әртүрлі болғандықтан, бірнеше түрлі технологиялық тәсіл қолданылады. Фабрика өнімі – металдар концентраттары болып табылады, олар әрі қарай өңдеу үшін компанияның Өскемен және Риддер металлургия кешендеріне жіберіледі. Кешенге қажетті негізгі шикізат – байыту фабрикасының концентрат­тары болып табылады. Шығарылатын өнім – жоғары маркалы тауарлы мырыш, мырыш-алюминий қорытпалары және аз мөлшерде күкірт қышқылы. Атмосфералық сілтісіздендіру қондырғысы кешенге кез келген шикізатты, оның ішінде минералдық құрамы күрделі кендерді қайтадан өңдеуге мүмкіндік береді. Жаңа технология Германиядан келген мамандармен бірлесіп, өндіріске енгізілді. Мұндай әдістің басты артықшылықтарының бірі – қалдық қалмайтындығы және таза су шығынын барынша азайтуға мүмкіндік беретін айналымды сумен жабдықтау. 2017 жылы Риддер металлургия кешені тауарлы мырыш шығару жөнінен абсолютті рекорд­қа қол жеткізді, 116 мың тонна мырыш өндірілді.
Компания ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 және ISO 50001 халықаралық стандарттарына сәйкес кен өндіруден бастап, сол пайдалы қазбалардан тазартылған металдар алуға дейін, яғни кен байытып, өңдеуге дейінгі толық өндірістік тізбекті қамтитын интеграцияланған сапа, қоршаған орта, денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі менеджменті және энергия менеджменті жүйесін; өндірісті инфрақұрылыммен, көлікпен, ресурстармен қолдайтын және қамтамасыз ететін қосалқы бөлімшелер, сонымен бірге өндіріс қалдықтарын жою үдерістерін құрды.
«Қазмырыш» ЖШС сапа менеджменті жүйесіне қатысты алғашқы DIN EN ISO 9001 халықаралық стандартына сәйкестік сертификатын 2004 жылы алды. Қазіргі уақытта бұл жүйе тиімді жұмыс істеуде және үнемі сапа менеджменті жүйесі мен қоршаған ортаның DIN EN ISO 9001 және DIN EN ISO 14001-ге сәйкестігіне растама сертификациядан өткізіліп тұрады. «Қазмырыш» компаниясы Лондондағы бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығының (LBMA) мүшесі болып табылады. Компанияның аффинаж зауыты Гуд Деливери LBMA сертификатына ие. LBMA – бағалы металдардың жаһандық көтерме сауда нарығының стандарт белгілеуші ұйымы. LBMA талаптарына сай болу мақсатында компания LBMA-ның Алтын мен күмісті жауапты жеткізу жөніндегі басшылық құжатын, сондай-ақ ЭЫДҰ Басшылық құжатының II қосымшасының металдар мен минералдарды жеткізу тізбегін кешенді тексеру жөніндегі талаптарын сақтайды. LBMA талаптарының сақталуына қатысты жыл сайын тәуелсіз аудиттер жүргізіледі, сондай-ақ талаптарды сақтау туралы тиісті есептер жасалып отырады.
Адамдар, олардың өмірі мен денсау­лығы – компанияның басты құндылығы, сондықтан өндірістегі қауіпсіздік мәселесіне жан-жақты және тұрақты түрде көңіл бөлінеді. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы бағдарлама іске қосылды.
2006 жылдан бері «Қазмырышта» халы­қаралық стандарттар бойынша құрылған денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесі жұмыс істейді. Барлық қызметкерлер өндірістік жарақаттанудың алдын алу және оны болдырмаудың кешенді бағдарламасымен қамтылған. Сонымен қатар қазіргі заманғы тиімділігі жоғары жеке қорғаныс құралдары сатып алынды.
Жұмыстың басты қағидаты өзгермейді: қауіптілігі бар жағдайдағы жұмысқа жол жоқ.
Компанияда қызметкерлердің өз қауіпсіздігіне және әріптестері қауіпсіздігіне деген саналы көзқарасы қолдауға ие. «Қазмырышта» жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға қосқан жеке үлесі үшін қызметкерге қосымша материалдық және материалдық емес көтермелеу шаралары қарастырылған. Осынау іс-шаралардың басты мақсаты – өндірістік жарақаттанулардың алдын алу және мүлде болдырмау. Осы мақсатта жүргізілген жұмыстар нәтижесінде компания Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орайластырылған KIOSH халықаралық көрмесі аясында жүргізілген еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша «Қорған» ұлттық салалық сайысында екі мәрте үздіктер қатарынан көрінді.
Компания адамдарға және қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту мақсатында әлемдегі ең озық тәжірибелер мен жаңа технологияларды тұрақты түрде қолданысқа енгізіп келеді. Осы мақсатта «Қазмырыш» ЖШС құрылғаннан бергі 28 жыл ішінде 132,8 миллиардтан астам теңге табиғат қорғау іс-шараларына жұмсалды. 144 мың тоннадан астам шаң тұтылды және жойылды (түзілген көлемнен 99,1%). 423,3 мың тоннадан астам SO2 тұтылып, жойылды (түзілген көлемнен 96%). Металлургия зауыт­тарында 4 күкіртқышқылды қондырғы бар.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар «SO2 және Pb шығарындыларын азайту», «Субұру және суайналым үлесін ұлғайту», «Қалдықтарды жою, қайта өңдеу және пайдалы түрде пайдалану» секілді экологиялық бағдарламалардың негізінде жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламалар талаптарына сай іс-шараларды жүзеге асыруда АҚШ, Канада, Франция, Бельгия, Алмания, Дания, Италия, Финляндия және Ресей елдерінде қолданылатын ең озық заманауи жабдықтар мен әдістер пайдаланылады.
2024 өндірістік жылды «Қазмырыш» негізгі көрсеткіштер бойынша жоғары нәтижелермен қорытындылады. Еліміздегі түсті металлургия көшбасшыларының бірі болып табылатын компания 128,3 мың тонна (+13%) мырыш және 99,2 мың тонна (+65%) мырыш концентратын, 37,4 мың тонна қорғасын (2 есе өсім), 1 млн унция алтын (-11%), 17,4 мың тонна мыс (+18%) өндіріп, алдыңғы жылға қарағанда өзінің өндірістік және қаржылық көрсеткіштерін едәуір жақсартты. Негізгі өнімдер қатарындағы алтын металын өндіру көлемі Васильков кенішінде өндірістің қысқаруына байланысты төмендеді.
Жұмыстағы және корпоративтік әлеу­меттік жауапкершілік ұстанымдарын іске асырудағы аса үздік нәтижелері үшін өткізілетін сайыстың Бас жүлдесі – Қазақстан Республикасы Президентінің «Парыз» сыйлығын «Қазмырыш» компаниясының бес рет жеңіп алуы осынау үлкен еңбек ұжымының уақыт үддесіне сай талап биігінен көріне білуінде болса керек.
Сондай-ақ «Қазмырыш» ЖШС – Қазақстандағы кен-металлургия саласындағы ең беделді марапат болып табылатын «Алтын Гефест» сыйлығымен 8 рет марапатталған бірден-бір компания.
дайындаған
Рымтай Көкенайқызы
Өскемен

Дайындаған
Рымтай Көкенайқызы
Өскемен

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір