МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҮШІН АЛМАТЫ МУЗЕЙЛЕРІНІҢ ЕСІГІ ӘРДАЙЫМ АШЫҚ
05.02.2024
866
0

24 қаңтардан бастап мектеп оқушылары үшін Алматы музейлеріне кіру тегін болады. Ақжолтай ақпарат хақында қала әкімдігі: «Елімізде 3,9 млн оқушы бар. Біз барлық балалар мен жасөспірімдердің өнер туындыларын, артефактілер мен экспонаттарды өз көздерімен көріп, дүниетанымын кеңейткенін қалаймыз. Бұл оларға қосымша білім алып, тарихи оқиғаларға терең үңілуге көмектеседі. Мектеп оқушылары музейлерге сынып жетекшілерімен бірге келетінін байқаймыз. Енді олар оқу жылы барысында да, демалыс кезінде де Алматы әкімдігіне қарасты музейлерге тегін бара алады», – деп арнайы хабарлады.
Мектеп оқушылары тегін бара алатын музейлердің тізімі мен мекенжайы:
1. Алматы тарихы музейі (Қабанбай батыр, 132),
2. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, (Зенков, 24/А),
3. Д.А. Қонаев музейі ­(Төлебаев, 117),
4. Әдеби-мемориалдық музей кешені:
С.Мұқановтың музей-үйі (Төлебаев, 125, 3-пәтер)
Ғ.Мүсіреповтің музей-үйі (Қарасай батыр, 49, 25-пәтер)
5. Н.Тілендиевтің мемориалдық музейі (Қонаев, 96),
6. А.Байтұрсынұлының музей-үйі (Байтұрсынұлы, 60)
7. Райымбек батыр музей кешені (Райымбек батыр, 96 а)
8. Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы (Нұркент ш/а, 5/11)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір