ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ» ЖАҢА ПЬЕСАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
04.03.2016
2317
0

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік толғауы» жаңа пьесалар  байқауы 2016 жылғы 27 қазанда Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында жабық түрде өткізіледі.

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

Театр репертуарларын Тәуелсіз Қазақстан­ның бүгінгі келбетін бейнелейтін шығар­малар­мен толықтыру, ұлттық театр өнерін дамыту, облыстан шыққан драматургтерге қолдау көр­сету, олардың көркем шығармаларын насихаттау, жас драматургтерді анықтау және қолдау көрсету.

  1. Байқаудың шарттары мен талаптары:

– Байқауға қатысушы бұрын-соңды театр сах­насында қойылмаған, Қазақстанның Тәуел­сіздік жылдарында жазылып, осы жылдардағы оқи­ғаларды көрсететін, көркемдік деңгейі жоға­ры шығармаларын ұсына алады;
– Пьесаның жанрына, тіліне және санына шектеу қойылмайды;
– Жаңа пьесаларға арналған байқау жабық түрде өтеді. Қазылар алқасына берілген шығар­мада авторы көрсетілмейді;
– Байқауға жіберілетін шығарма авторының толық аты-жөні бөлек конвертке салынып, шы­ғар­мамен бірге ұсынылады;
– Автордың толық аты-жөні жазылған  конверт байқаудың марапаттау рәсімі өтерде, қазы­лар алқасы мен ұйымдастырушылардың қа­тысуы­мен жариялы түрде ашылады;
– Ұсынылған шығармаларды бағалау үшін қазылар алқасы құрылады.
(Оның құрамына белгілі театр өнерінің қай­рат­керлері, жазушы, драматургтер кіреді);
– Қазылар алқасының шешімі дауысқа салу арқылы шығармалардың тақырыпқа сәйкес­тігіне, мазмұнына, өзектілігіне орай бағаланып, қорытын­ды шығарылады:
– Байқауға қатысушы пьесасын ұйымдастыру комитетіне конвертке салынған (аты-жөні бөлек конвертке салынып) қағаз күйінде және электронды нұсқада ұсынады;
– Байқауда жүлде алған пьесаларды облыс­тағы кәсіби театрлар сахналайтын болады.

Ұйымдастыру комитеті ұсыныстарды 2016 жылғы 15 қыркүйекке дейін Шымкент қаласы, Астана даңғылы, 6 үйде орналасқан Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында 8 (7252) 28-34-61  teatruko@mail.ru, Астана даңғылы, «Түркістан» сарайы ғимаратында орналасқан облыстық Мәдениет басқармасында 8 (7252)39-52-09, ok madeniet@mail.ru қабылдайды.

  1. Жеңімпаздарды марапаттау
    Байқауға ұсынылған пьесаларды бағалау төмендегі жүлделер бойынша анықталады:
    Бас жүлде – біреу.
    І орын – біреу.
    ІІ орын – біреу.
    ІІІ орын – екеу.

Арнайы номинациялар:
– «Шығармадағы рухани кеңістік»;
– «Тақырып тұтастығы»;
– «Ұлттық құндылықты дәріптегені үшін»;
– «Бүгінгі күннің жарқын бейнесі».
Сондай-ақ, ынталандыру сыйлықтары беріледі.

  1. Байқауды ұйымдастырушы
    1. Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасы;2
    2. Ж.Шанин атындағы облыстық академия­лық қазақ драма театры.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір