ТАУДА – ЖАМБЫЛ, СӨЗДЕ – ДАҢҒЫЛ
26.02.2016
1330
0

Дж.Кайрамбаев. П-т Ж. Жабаева - 1Жамбылға әр оралудың бір жағы замана ерекшелігіне қарай оңтай тұрса да, қазақ жан әлемінің түпнұсқалық болмысы өшпей, өміршең қалпымен көрініс беретіннің сыры неде? Сөздің аламан бәйгесіне сан мәрте түсіп, құрыштай шыныққан Жамбыл уақыттың қилы дүрбелеңімен бетпе-бет келсе де ұлттық сабырды серік етті. Қазақ өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігінде сыңғыраған атақты Кремль сарайында «Сталин бізді қонақ қылмай ма» деген бір ауыз сөзінің мағынасынан мың-сан жорамал жасасақ та, түп қазығын тап басып табу мүмкін емес. Қазақ қариясының ішкі мәдениеті, ұлттық дербес ұстаным, керек десеңіз, ата-баба әруағын арқалаудың белгілері толайым көрінеді.

Нені жырласа да озып шыққан Жамбыл тағдырын Құдайым өзін өнерпаз санатына қосатын кез келген пенденің маңдайына бұйырта көрмесін. «Бір Жамбыл бөлінгендей екі жаққа» деп бірден тоқетеріне көшкен сәтімен ұшырасқан сайын Джойс ой ағысынан хабары бардай адамды абдыратып тастайды. Демек, біздің ұлттық санамыз сонау түркілік үстем дербестікті ұмытпаған. Атақты алаштанушы, академик Рымғали Нұрғали қазақ саз әуезінен ең әуелі түркілік сарынды аулаудан әсте жалықпайтын. Бұл орайда Жамбыл телегей-теңіз. Ғасырлардан адаспай жеткен осынау құбылыспен әр табысудың өзіндік сыры сондықтан да сан алуан.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір