ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ
18.11.2022
454
0

Еліміздің болашағы үшін қам жейтін әрбір Қазақстаназаматы қазіргі таңда мемлекетіміздің үлкен бір айрық жолдың алдында тұрғанын терең сезінеді деп ойлаймын. Кейбір «ультра оппозиция» өкілдері айтып жүргендей, тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жыл уақытымыз текке кетті деуден де  аулақпыз. Өйткені, осы жылдары ел іргесі анықталып, жас, тәуелсіз мемлекетіміздің буыны қатып, бұғанасы бекіді. Ең бастысы, тәуелсіз елде өмір сүруболашаққа деген үмітімізді оятты, жастарымыздың саяси сауаты айтарлықтай артып, өз азаматтық ұстанымын анықтауына мүмкіндіктер пайда болды. Әрине, көп қателіктер де жіберілді, бұл қателіктер мен кемшіліктер қоғамда талқыланып, әртүрлі пікірлер айтылуда, алайда әлі де терең сараланып, объективті бағасыналуыболашақтың еншісінде деп ойлаймыз. Қазіргі таңдағы ең басты, маңызды іс – осы қателіктерден сабақ алып, еліміздің жарқын болашағы үшін қоғамның барлық бөліктері, соның ішінде билік, азаматтық қоғам, әрбір жеке тұлғаның айналысуы тиісміндеттеріайқындалып, осы бағыттағы нақты шараларды батыл түрде іске асыруды бастаудеп ойлаймыз.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтыңқазіргі жүргізіп отырған саясаты да дәл осы міндеттерді шешуге бағытталып отыр. Президенттің «Жаңа Қазақстан» концептінің аясында жарияланған басты идеяларды іс жүзіне асыруға қоғамымызда қажетті алғышарттар дабар.Қазіргі таңда билік саясатында орын алып жатқан өзгерістер бұрынғы авторитарлы биліктен, қоғам пікірімен санаспайтын, өзін қоғамнан алшақ ұстайтын биліктенбірте-бірте,халықтың үнін естуші, халыққа қызмет етуші,әділетті билікке қарай трансформация жасаумен байланысты деп ойлаймыз. Алайда, бұл істе барлық міндетті билікке ғана артып, қол қусырып отырмай, бүкіл қоғам, әрбір жеке адам болып аянбай, табанды түрде, жұмылып әрекет етуге тиіспіз.

Жеке адам демекші, қоғам жеке адамдардан тұратындықтан, ең басты жауапкершілік дәл осы жеке адамға түсетіндігін ұмытпайық. Ал жеке адамның қалыптасуы мен тәрбиесінде білім беру мекемелерінің орны ерекше. Оның үстіне, қазіргі жас жеткіншектер – ертеңгі ел тізгінін ұстайтыназаматтар, мемлекет басшылары, қоғам қайраткерлері екенін ескеретін болсақ,«Жаңа Қазақстанды» қалыптастыру ісін бала бақшадан бастап, жоғары оқу орындарына дейінгі, барлық білім беру мекемелерінің қоғамдағы маңызы менмәртебесін көтеру бағытындағы іс-шаралардан бастау керек деп ойлаймыз.

Сонау ежелгі Египеттен бастап, барлық өркениетті қоғамдарда білім берушінің орны ерекше болған, жалпы кез-келген қоғамның өркениеттілік деңгейі білім берушінің қоғамдағы мәртебесімен анықталып отырған. Оның үстіне, әл-Фарабиден бастап, барлық ғұламалар айтып кеткендей, қоғамның болашағы жастардың тәрбиесіне тікелей тәуелді.Сондықтан да жастарға тек жалаң білім беріп қана қоймай, білім беруді рухани тәрбиеменұштастыра жүзеге асыруға ерекше назар аударылуы тиіс. Қазіргі таңда рухани тәрбиенің маңызы бұрынғыдан еселеп артып отыр. «ХХІ ғасыр руханиат ғасыры болады немесе ол мүлде болмайды» – бүгінде афоризмге айналып кеткен осы сөзді француз халқының белгілі тұлғаларының бірі, философ әрі мемлекет қайраткері А. Мальро ХХ ғасырдың 70-ші жылдары айтып кеткен екен. Шынында да, материалды игіліктерді ғана місе тұтқан қазіргі техногенді, тұтынушы өркениет жағдайында қоғамның барлық салаларын қамтып отырған дағдарыстың астарында осы рухани тоқырау жатқандығына күмән жоқ. Сондықтан да елдігімізді сақтаймыз десек, ата-бабаларымыз армандап кеткен «Мәңгілік ел» боламыз десек, жастардың рухани тәрбиесін бірінші кезектегі мемлекеттік мәселе ретінде күн тәртібіне қоюдың уақыты жетті деп ойлаймыз.

Бір сөзбен айтқанда, қоғамда сапалы түрдегі, терең де түбегейлі өзгерістер жасаудың кепілі – ең алдымен сол қоғам «кірпіштерінің», яғнижекелеген адамдардың, ең алдымен  жастарымыздың рухани тәрбиесімен бүкіл қоғам болып айналысу. Осыны түсінген жағдайда ғана қоғамды өзгертуге бағытталған іс-шаралар ғұмырлы әрі баянды болмақ.

Ерке ҚАРТАБАЕВА,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті,
тарих ғылымының кандидаты

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір