Аида Балаева «Қазақ әдебиеті» газетін 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
10.01.2024
1874
0

Бүгін еліміздің шежірелі басылымның бірі – «Қазақ әдебиеті» газетінің алғаш жарық көргеніне 90 жыл толып отыр. Кезінде Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, С. Сейфулин, І. Жансүгіров сияқты әдебиетіміздің алыптары іргесін қалаған тарихи басылым сөз өнерінің алтын қазынасы. Оқырманының көзайымына айналған газеттің әр беті – тұнған тарих, әлі де жазары таусылмаған. Мемлекет басшысының бастаған реформалары мен халық үшін маңызды ақпараттарын қалың оқырманына талмай жеткізіп, ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғыртып келеді. Басылым қоғамымыздың рухани азығына айналып, жас қаламгерлердің шығармашылығын шыңдайтын абыройлы алаңға айналды.
«Қазақ әдебиеті» газетінің ұжымын осынау мерейтоймен құттықтап, сіздерге таусылмас шабыт, толайым табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір