«ДАЛАНЫҢ БОЯУЫМЕН ӨЛЕҢ ЖАЗҒАН»
Жуырда С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында Халықаралық Туризм менеджмент колледжі және Қаржы экономикалық колледжі студенттері ақиық ақын Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған әдеби-танымдық кеш ұйымдастырды.
Шараны аталмыш филиал меңгерушісі Айгерім Ахаева ашып, кітапханашы Сандуғаш Көшімбаева және Айгүл Шакенқызы ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты әдеби деректермен таныстырды. Кешке келген жастардың бірі ән шырқаса, тағы бірі шағын сахналық көріністер көрсетті. Сонымен қоса, Мұқағалидың өмірі мен шығармашылығына арналған «Мәңгілік мұра» атты көрме көрсетілді.
Кеште М.Мақатаев атындағы сый-лықтың лауреаты Айтақын Әбдіқал ақын жайында жұрт біле бермейтін тың деректер айтты. Кеш соңында Халықаралық Туризм менеджмент колледжінің оқытушысы Әлия Момынова және Қаржы экономикалық колледжінің оқытушысы Ақмарал Нүкеева болашақ қаржыгерлердің өзі Мұқағали шығармашылығына ерекше ден қоятындарын мақтанышпен жеткізді.