СЫРЛЫ СЕЗІМ СУРЕТКЕРІ
Таяуда Алматы қаласы ОКЖ-
нің №4 кітапханасында көрнекті қаламгер Бексұлтан Нұржеке-ұлының туғанына 75 жыл толған мерейтойына арналған «Көркемсөз патшалығының Хас шебері» атты әдеби-сазды кітапханалық бенефис өтті.
Мәдени шараға жазушының қаламгер әріптестері жазушы Кәдірбек Сегізбаев, ақын, аудармашы, көсемсөзші Қуанышбай Құрманғали қатысып, мерейтой иесінің өнегелі өмір жолы мен шығармашылығы жайлы ой бөлісті.
Жиын барысында «Сырлы сезім суреткері» атты кітап жаймасы ұйымдастырылды.
Қаламгердің замандасы Қуанышбай Құрманғали өз өнерін өзгелерге мойындата білген қарымды қаламгердің шығармаларының мазмұнына терең тоқталып, саралап өтті. Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері жазушының шығармашылығы бойынша «Сиқырлы сезімдер симфониясы» атты әдеби-сазды композициясын ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Алматы университетінің 3 курс студенті Тарыбай Ботакөз жазушыға осы мәдени шара аясында шығарған өзінің арнауын оқып, жырдан шашу шашты.
Сондай-ақ, Чайковский атындағы музыкалық колледждің, Алматы университетінің, Алматы Полиграфиялық колледжінің дарынды өнерпаздары мерейтой иесінің құрметіне лирикалық әсем әндер орындап, кеш мерейін үстем етті.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.