«ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ»
26.02.2016
1711
0

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  журналистика факультеті ЮНЕСКО, Халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында  өтетін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған республикалық «Тәуелсіздік тағылымы» атты ақындар айтысы мен Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған жыр мүшәйрасының ережесі

 Байқау 9 ақпан – 10 сәуір аралығында  өткізіледі

Тақырыбы:
Айтыс ақындарына
1) Қазақ хандығының 550 жылдығы;
2) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы;
3) Тәуелсіз Отан жастарының бақытты өмірі, білім алу арманы.

Жазба ақындарға:

  1. Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған бір өлең;
  2. Еркін тақырыпқа бір өлең.

Шарттары:

1.Байқау республикалық деңгейде өтетіндіктен еліміздегі әр университеттен екі айтыс ақыны қатыса алады.

2.Жыр мүшәйрасына шектеу қойылмайды; әр ақын Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арнаған бір өлең, еркін тақырыптағы бір өлеңін ұсына алады.

  1. Айтысқа және жыр мүшәйрасына қатысатын студенттер 2016 жылдың 10 сәуіріне дейін өздерінің толық аты-жөнін, шығармасын (жазба ақындар) nazgu_71mail.ru электронды поштаға жіберу керек.

Жеңімпаздарды марапаттау:

Арнайы ақшалай жүлделер, дипломдар.

Байқаудың өтетін уақыты:

2016 жыл, 20 сәуір

Басталуы: 13.00

Өтетін орны: әл-Фараби ат. ҚазҰУ Ғылыми кітапхана.

Байланыс телефондары: 8 701 993 90 07 – Назгүл Шыңғысова;
8 701 618 50 91 – Мұрат Шаймаран; 8 707 212 00 97 – Абай Садуақас.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір