100 жылдан бері қалыптасқан жүйе бұзылды. Президент Тоқаев жаңалық жасады!
20.11.2023
242
0

Жуырда, Елордамызда солтүстіктегі көршімізбен бірікккен өңіраралық форумның өткені белгілі. Форумға екі мемлекет­тің басшылары қатысып, сөз сөйледі.

Форум қарсаңында ҚР Президенті «Известия» газетінің тілшісіне, РФ Президенті «Казахстанская правда» газет­теріне сұхбат берді. Тоқаев пен Путиннің аталған газет бет­терінде жарық көрген сұхбат­тары сарапшылар арасында талқыға түсіп, түрлі ой-пікірлер айтылды. Байқауымызша, дипломатиялық мәдениет­тің шегі мен талабына сай табылған сұхбат­тар барысында президент­тер жайлап отырып, қос тарап­қа тән мемлекет­тік мүдделер тұрғысынан сөйледі. Путин әдет­тегідей Ресей жерінің табиғи бай ресурсына сүйенген болып, Қазақстанның солтүстігі мен шығыс өңірін көгілдір отынмен қамтамасыз етеміз, сөйтіп аймақтарды жылу мен қуат көзіне деген тәуелділіктен құтқарамыз дегенді айт­ты. Ал ВВП-ның бұл сөзіне біздің сарапшылар, «еліміздің солтүстігі мен шығысын газға деген тәуелділіктен құтқарудан гөрі тәуелділікке жетелеу емес пе?» деп, күдік білдіріп жатыр. Осы жылу, отын, электр мәселесіне қатысты әңгімеде Қазақстан қандай ұстанымда болуы керек? Ол турасында біз халық үні мен халықтың талап-тілегіне баса мән беруге тиіс екен­біз. «Известияның» тілшісіне берген сұхбатында Қасым-Жомарт Кемелұлы былай деді:
«Біздің елде көптеген азамат­тар мен сарапшылар атом станциясының қауіпсіздігіне күмән келтіреді. Семей ядролық сынақ полигонының ауыр қасіретін ескерсек, мұны түсінуге болады. Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесінде Ресей тарапының жәрдем беру ұсынысын жоғары бағалаймыз. Әйтсе де, АЭС құрылысы жөніндегі түпкілікті шешім референдум қорытындысы бойынша қабылданады».
Өңіралық форумнан кейін БАҚ беті қазақ лидерінің ресейлік делегация мүшелеріне құлаққап кигізгенін жарыса жазуда.
«ҚР Президентінің қазақ тіліндегі сөзін тыңдауға ұмтылып, жаппай құлаққап іздеген ресейліктердің құлағын енді құрғатпау керек…», – деп пікір білдірді Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақ­стан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев РФ Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өткен Өңіраралық ынтымақтастық форумын қазақ тілінде сөйлеп ашты.
Тоқаевтың өңіраралық форумда мемлекет­тік тілде іркілмей сөйлеуі ТМД шеңберінде үлкен саяси жаңалыққа есеп болды.
Бұл саяси жаңалықтың бағасын Ресейдің белгілі саясат­танушысы
Аркадий Дубнов тура бейнелеп берді: «Путин бұрын-соңды ТМД астаналарына барған кез­де мұндайды кез­дестірмеген еді. Жергілікті басшылар оған үнемі тек орыс тілінде, «үлкен ағаның» тілінде сөйлегенде, бұл дәстүр бұзылмайтындай болып көрінетін, басқаша да болуы мүмкін еместей еді… Ал посткеңестік хат­таманың бұл тәртібі бұзыла бастады: кеше, Қазақстан Президенті Қасым-
Жомарт Тоқаев Путиннің Астанаға сапарын қорытындылай келе, делегациялар мен баспасөз өкілдерінің қатысуымен өткен жиында алдымен жұртшылыққа қазақ тілінде сөз сөйледі», – деп жазды ол Telegram-арнасында.
Саясат­танушы Тоқаевтың сөзі ресейліктерді таңғалдырғанын атап өт­ті.
Тоқаев әуелі өзінің сөйлеген сөзін аудармада тыңдауға мәжбүрледі.
Қазақстан Президенті Қазақстанның орыс тілін құрмет­тейтінін, бірақ негізі дербес тіл саясатын жүргізетінін, ең бастысы қазақтардың ұлт­тық тілін дамыту болып қала беретінін бірден аңғарт­ты. Айтпақшы, Путин бұл жолы да әріптесінің әкесінің атын айта алмады. Демек, Тоқаев – Мәскеуде оқығанмен, бірінші кезекте қазақ. Кремль бұған үйренуі керек», – деп қорыт­ты Дубнов Telegram-арнасындағы жазбасын.
«Иә, бұл жолы Кеңес Одағы мен ТМД-да Ресей Президентін Ресей тілінде қарсы алатын 100 жылдан бері қалыптасқан жүйені Қазақ мемлекетінің басшысы қазақ тілінде сөйлеп, бұзды! Жаңалық жасады!
Биыл, 2023 жылы 22 қыркүйекте, 1989 жылғы Қазақстанның ең алғашқы тіл заңына 34 жыл толған күні біз «Қазақ тілі қашан тәуелсіздік алады?!.» деп жазып едік. Қазақ Президентінің Ресей Президентіне ресми жиында Қазақша сөйлеген күні 10 қарашада Тіл тәуелсіздігіне алғашқы қадам жасалған тарихи күн деуге болады. Алла жар болсын Алашқа!», – деді ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса әлеумет­тік желідегі жазбасында.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір