АРАБ ОҚЫРМАНДАРЫНА ЖОЛ ТАРТҚАН ОЙ-ТОЛҒАУ
16.10.2023
159
0

29 қыркүйек күні «Эр-Рияд-2023» халықаралық кітап көрмесі аясында Қазақстанның Елшілігі Сауд Арабиясы Корольдігі Мәденеит министрлігінің Әдебиет, баспа және аудармалар комитеті мен Әдеби өнер агенттігінің, сондай-ақ «Обейкан» баспасының бірлесуімен Қазақ­стан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» кітабының араб тіліндегі нұсқасының тұсаукесерін өткізді.

Іс-шара белгілі қазақ жазушысы, отандық әдебиеттегі детективтік жанрдың негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған.
Іс-шараға САК әдебиет, баспа және аудармалар комитетінің төрағасы Мұхаммед Алуан, Әдеби өнер агенттігінің басшысы Хатем Аш-Шаһри аталған халықаралық кітап көрмесінің Бас директоры Абдулатиф Әл-Уасил, Қазақ­стан Жазушылар одағының Төрағасы Мереке Құлкенов, сондай-ақ бірқатар саудтық баспалардың СІМ-нің, Сауд Арабиясында аккредиттелген елшілер мен дипломатиялық корпустың, сауд­тық зиялы қауым мен БАҚ-тың өкілдері, белгілі ақын-жазушылар мен журналистер қатысты.
«Әке туралы ой-толғау» кітабын І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын араб тіліне аударған белгілі аудармашы Мұхаммед Рияд тәржімалаған. 1976 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келе жатқан және Таяу Шығыстағы ең ірі кітап көрмелерінің бірі болып есептелетін Эр-Рияд халықаралық кітап көрмесіндегі таныстырылым барысында араб оқырмандары кітапқа арқау болған жазушы өмірінен ерекше әсер алғандарын, оның шығармашылығы жайлы көптеген мәліметтермен танысқандарын айтып, ризалықтарын білдірді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір