ChatGPT жасанды интеллекті мұғалімге жеңіс әкелді
05.10.2023
146
0

Елордада Бүкіләлемдік мұғалімдер күні қарсаңында өткен NIS жүйесінің дәстүрлі «Үздік жыл мұғалімі-2023» байқауында Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі Мақпал Мұқанова жеңімпаз атанып Бас жүлдеге ие болды.

22 Зияткерлік мектептерінің үздік ұстаздары ішінен топ жарып мұғалімдердің төл мерекесі қарсаңында Мақпал Абдусадыққызы білімордасына жеңісін тарту етті. Өзінің біліктілігімен, жан-жақтығымен, төзімділігі мен еңбекқорлығымен ұстаздың кәсіби жолында жеткен жетістіктері аз емес. Үстіміздегі жылы «Болашақ» бағдарламасының грантына ие болып, жеті ай АҚШ-та тағылымдамадан өткен мұғалімнің оқушыларға берері көп.


Ұстаздар байқауында «Оқушылар және ата-аналармен тілдесу» атты үй тапсырмасы ретінде Мақпал Абдусадыққызы оқушылармен жасанды интеллектті, оның ішінде ChatGPT-ді ұтымды пайдаланған бейнефильмін үсынып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Ұстаздың «Планета шеруінде» өткізген сабағы, «Менің педагогикалық ұстанымым» дербес көрмесі , сондай-ақ «Мен – тұлғамын, мен – мұғаліммін» педагогикалық жағдаяттардан шығу жолдарын көрсете білгені үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин бастаған сарапшылар тобы Мақпал Мұқанованы 2023 жылдың үздік ұстазы атағына лайық деп бағалады.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір