«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» форумы: сандық мұғалімге арналған замануи трендтер
02.11.2022
465
0

Алматылық химия-биология бағытындағы NIS-те аймақтың жас педагогтардың басын қосқан «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» форумы өтті.

Айтулы шара тамызда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ төрайымы Күләш Шамшидинованың бастамасымен өткен республикалық «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» форумының заңды жалғасы болып табылады.

130 жас оқытушы жиналған алаңда қатысушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған бірқатар тренингтер, семинарлар өткізу көзделді.

 Сабақ конструкторын құрастыруға түрлі тиімді жолдары бар екенін жас ұстаздарға NIS педагогикалық шеберлік орталығының тренері Аcхат Алимов форумның арнайы сессиясында талқылады. Жарты сағатқа акт залы ойын зонасына айналып, түрлі-түсті legoконструкторлар арқылы мұғалімдер сабақты қалай жинақтауды көрсете бастады.

Форумның тақырыптық алаңдарында оқытушылар функционалдық сауаттылықтың маңызына тоқталып, осы тұрғыда кездесетін тапшылықты толықтыратын жолдарын іздеді.

Оқыту шеберханасында ПШО тренері Ғалия Толықбаева жанама тәжірибеден өз іс-әркеттерге жету жолдарының исайттарымен бөлісіп, соңында қатысушылар презентация арқылы өз ойларын жеткізді.

«Оқытуда АКТ-ны тиімді қолдану» сессиясында жас ұстаздар оқыту барысында көмекке келетін түрлі сандық платформалармен танысып, тренер Бағдагуль Сайфоллақызыға алғыстарын білдірді.

Форумның екінші жартысында үздік жас мұғалімдер өз тәжірибелерінен шеберлік сағаттарын өткізді.

Алғашқы аймақтық жас педагогтар форумын алматылық химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебі тәрбие жұмысы мен қосымша білім беру кейстерінен дайындаған “Пайдалы динамикалық үзіліс” аяқтады

 

 

 

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір