«Қазақ тілі жастар арасында сәнге айналуы керек!»
05.10.2023
186
1

Алматыдағы №20-кітапхана ғимаратында ардагер ұстаздарының, ЖОО студенттері мен мектеп оқушыларының қатысуымен «Атадан – өсиет,
анадан – қасиет» атты ғибратты іс-шара өтті.

Алматыдағы №20-кітапхана ғимаратында ардагер ұстаздарының, ЖОО студенттері мен мектеп оқушыларының қатысуымен «Атадан – өсиет,
анадан – қасиет» атты ғибратты іс-шара өтті.
Аталмыш жиында қазіргі қоғамдағы өзекті һәм өткір мәселеге айналып отырған ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық тәрбиенің өзектілігі мен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселесі талқы болды. Кітап­хана ұжымы ұйымдастырған бұл шарада Мәдина Хәкімқызы, Нәзия Есімжанқызы, Зоя Қайыржанқызы қатарлы ардагер педагогтар мен кітапхана зейнеткерлері сөз алып, жастарға мемлекеттік тілде сөйлеудің маңыздылығы жайлы кеңінен тарқатып әңгімелеп берді. «Өкінішке қарай, қазір жастардың арасында өзге тілде шүйіркелесу тенденциясы қалыптасып үлгерген. Осының салдарынан келешек ұрпақтың күнделікті өмірінде мемлекеттік тілдің қолдану аясы айтарлықтай шектеліп отыр. Сондықтан біз жастарға мемлекеттік тілдің маңыздылығын жан-жақты түсіндіру жұмыстарын бәр сәтке де тоқтатпауымыз қажет. Қазақша сөйлеу – жастар арасында сәнге айналуы керек. Осыдан 10 жыл бұрынғы кезбен салыстырғанда, Құдайға шүкір, қазақ тілінде сөйлейтіндердің қатары еселеніп келеді. Бүгінгі күнде қазақша сөйлейтін өзге ұлт өкілін көрсек, таң қалмайтын болдық. Бұл – бетбұрыс. Біз осы бағыттан жаңылмауымыз керек», – дес­кен ардагер ұстаздардың ойы бір жақтан шықты. Кітапхана меңгерушісі Лаура Мәулітшәріп­қызының: «Ең алғаш кітапхана ашылғанда кітаптардың 80%-ы орыс тілінде еді, ал қазір 80%-ы қазақ тілінде деп мақтанышпен айтуға болады. Қазақ әдебиетіне деген жастар сұранысы күннен күнге артып келеді», – деген сөзі де көптің ойындағысын қозғады.

Томирис
САЙДХУДЖА,
Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар

және әлем тілдері университеті, Журналистика мамандығының
1-курс студенті

ПІКІРЛЕР1
Аноним 06.10.2023 | 16:51

Тіл саясаты комитетінің басына Ербол Тілешов деген жемқорды қойыпты. Ол жемқор да бірдеме дейтін болыпты. Ол «Тіл мәселесі эволюциялық жолмен шешілуі тиіс» дейтін болыпты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір