ЖАСТАР АРАСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
12.01.2024
405
0

Жетісу гуманитарлық-техникалық колледжінде «жастар арасында нашақорлықтың алдын алу»тақырыбында дәрістер өткізілді. Студенттермен әңгімелесуді Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының аға прокуроры Д. Қайратов, Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының прокуроры А. Саитов өткізді.

Кездесу барысында прокуратура қызметкерлері есірткі құралдарымен байланысты қылмыстар үшін жауапкершілік туралы ескертті, сондай-ақ колледж студенттеріне есірткі заттарын таратудың салдары туралы әлеуметтік бейнеролик көрсетті.

Сонымен қатар, есірткіні бір рет қолданудың салдары да қарастырылды. Есірткі заттарын қолдану кезінде туындайтын тәуелділік мәселесіне ерекше назар аударылды.

Соңында прокуратура қызметкерлері студенттерге құқық қорғау органдарының Сенім телефондары көрсетілген есірткі заттары анықталған кезде мінез-құлық ережелері жазылған парақшалар табыс етті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір