Бала жанының бағбаны
29.09.2023
168
0

Крылов атындағы балалар кітапханасында бала жанының бағбаны – Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығына арналған танымдық әдеби-сазды кеш өтті. Кештің шымылдығын М.Әлімбаевтың бастамасымен ашылған «Балдырған» журналының редакторы Дүйсен Мағлұмов өзінің кіріспе сөзімен ашты. 
Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай немересі Бақтияр Мұзафаровқа дәстүр бойынша шапан жапты. №140 мектеп-гимназиясының оқушылары абыз тұлғаның қаламынан туған әндерін орындап, кештің сәнін келтірді. Сондай-ақ Қ.Бекхожиннің жары Заида Бекхожина ақын хақындағы ыстық естеліктерімен бөлісті.
Кеш барысында қаламгердің «Алақай, балақай!» атты кітабының тұсауы кесілді. Сонымен қатар М.Әлімбаевтың халық даналығына айналып үлгерген нақыл сөздеріне, жұмбақтары мен жаңылтпаштарына қатысты көптеген ойын түрлері ұйымдастырылып, жиынның мазмұны арта түсті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір