ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҒЫ
22.02.2016
2544
0

211477_278623283_____________________________001Жанат  ЖАУБАСОВ

 

Бақыт!

Шаттық!

Толғанбасқа болмайды –

Шын тәуелсіз, шыңға шыққан ел жайлы.

Біздің ұрпақ енді ешқашан тоңбайды,

Біз еккен гүл енді ешқашан солмайды!

 

Тарттық біз де сан заманның азабын,

Көрдік біз де жылағанын ананың.

Түннен кейін күн шығады, қалайда,

Таптық бүгін жерұйықтың ғажабын!

 

Ол жерұйық – тәуелсіз ел бүгінгі,

Тербетіп тұр ұлың менен қызыңды.

Күннен күнге ұмытылып барады

Бодан елдің мұң мен зары бұрынғы.

 

Ұзақ күттік еркіндіктің орнауын,

Жырлай алмай туған елдің толғауын.

Енді бүгін еркін самғап барамыз,

Қанат қылып Елбасының Жолдауын!

 

Ел мақсаты – нақты басар жүз қадам,

Мына бізге көзін қадап тұр ғалам.

Ұлы Дала ұрпағының дауысын

Жердің шары құлақ түріп тыңдаған!

 

Мәңгілік ел!

Мәні қандай керемет!

Қараңдаршы, жер – ғажайып, ел – ерек!

Аяласын Алаш жұртын Күн-Ана,

Алтын нұрын кірпігінен себелеп!

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір