АЛМАТЫЛЫҚ ОҚУШЫ ХАФИЗ НҰРҚАСЫМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ АБСОЛЮТТІК ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
10.08.2023
288
0


Малайзия елінде 6-9 тамыз аралығында 45 елдің дарынды оқушыларының басын қосқан «AIMO-2023» халықаралық математикалық олимпиадасында Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы Хафиз Нұрқасым алтын медаль иеленіп абсолютті чемпион атағына ие болды. Салтанатты марапаттау рәсімінде зияткер Қазақстанның туын көкке желбіретті.

Нұрқасым жылда әлемнің жас математиктері  бас қосатын білім додасының жеңіс тұғырын алғаш рет бағындыруы емес. Зияткердің қоржынында Халықаралық американдық математикалық олимпиадасының алтыны MAA AMC (2021), AIMO Гонконгта күмісі (2022) және MMA AMC (2022) қола медалі.

Дарынды оқушы осы атаулы жеңісімен қатар осы жазда ірі өрттер кезінде адам өмірін қорғауға бағытталған «Өрт сөндірудің ақылды жүйесі» өнертабысының авторы ретінде патент алған болатын.  

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір