«СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ»
12.02.2016
1661
0

Каюм_МухамедхановҒалым, білікті ұстаз, ақын, жазушы, драматург, әдеби аудармашы, ғұмырын Абай мұрасын зерттеуге арнаған, шәкәрімтанудың негізін қалаушы, Қазақ КСР Гимнінің авторы, КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, Жазушылар одағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, КСРО және Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі, Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толып отыр. Осыған орай, «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы, Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде «Сегіз қырлы бір сырлы» атты көрменің тұсауын кесті.

Көрмені «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы директоры Әубәкір Жандос Мағазбекұлы ашып, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедхановтың қазақ ғылы­мына қосқан сүбелі үлесіне тоқталды. Қожа Ахмет Иассауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы ғалым Сапарбек Ергөбек Қайым Мұхамедхановтың ұлы ақын Абай әлемін зерттеудегі жанқиярлық еңбегіне ай­рықша тоқталды.

Көрмені тамашалауға бұқаралық ақпарат құрал­дары, Этнопедагогикалық колледждің сту­денттері мен оқытушылары және №1 Ахмет Байтұрсынов атын­дағы қазақ орта мектебінің оқушылары қаты­сып, тағылымы мол шарадан әсерленіп тарқасты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір