Тарихыңды таны, жас ұрпақ!
03.07.2023
694
0

Қазақ халқының тарихы күрделі тарих. Бүгін біз Қазақ мемлекетінің арғы тарихын ғасырлар қойнауынан аршып алған білімді де білікті тұлғамен кез­десіп, оның байлығына баға жетпес еңбегін Қазақ­стандағы тарихы терең оқу орнының қабырғасына елде бірінші болып жеткізіп отырмыз. Бүгінгі таңда тарихы жаңарып жатқан жаңа Қазақ­стан үшін Қазақ­станның көне заманнан бүгінге дейінгі объективті және шынайы тарихын қалпына келтіру маңызды.

Міне, сол құндылықты дәріптеу мақсатында әрі тарихымызды келер ұрпаққа көрсету жолында М.Есболатов атындағы Алматы академиясының басшылығы Қазақ­стан Республикасының Ұлт­тық академиялық кітапханасында өткен Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың «Тарих толқынындағы Қазақ­станның үзіліссіз мемлекет­тілігі. XV-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» ат­ты кітабының тұсаукесері болып өткен болатын.
«15 жылдан астам уақытын дүние жүзінен Қазақ мемлекетін көрсететін көне карталарды іздеуге арнаған Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың еңбегі баға жетпес қазына. Ғалымның осындай әлемге әйгілі болған тағы бір еңбегіне ең бірінші болып біздің Алматы академиясы куә болды деп айтуға болады. Яғни, былтыр Қазақ­станда тұңғыш рет Қазақ мемлекеті көрсетілген Карта галереясы Алматы академиясында ашылып, оған Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың өзі қатысты. Академия жеке құрамы мен тыңдаушылары XV ғасырдан бері мемлекет­тігімізді растайтын тарихи карталармен танысып, әлі күнге дейін карта галереясынан көп мағлұмат­тар алып жатыр» деп сол тұсаукесерде Академия бастығының орынбасары ретінде айтып, игі де ізгі тілегімізді білдірген болатынбыз.
Айтулы ғалымның аталған кітабының да жас ұрпақты патриот­тық рухта тәрбиелеуде, ұлт­тық санасы мен тарихи жадының өсуіне тигізетін оң ықпалы зор болмақ. Өйткені бүгінгі кезең – Қазақ­станның объективті және шынайы тарихын қалпына келтірудің белсенді үдерісі жүріп жатқан кезең. Бұл үдеріс аясында аталған кітаптың Мемлекет басшысының Жаңа Қазақ­стан құру бастамасын жүзеге асыруға қосатын үлесі де қомақты.
Өткен жылдың Конституция күні қарсаңында М.Есболатов атындағы Алматы академиясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің заманауи зерт­теулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың «Қазақ­станның тарих толқынындағы үздіксіз мемлекет­тілігі. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталардағы Қазақ мемлекеті. Атлас» картасының галереясы ашылып, осы ат­тас кітаптың таныстырылымы өт­ті. Қазақ мемлекетінің көне тарихы туралы галерея Қазақ­стан бойынша бірінші болып тұңғыш рет М.Есболатов атындағы Алматы академиясында ашылды. Бұл тарихи күнді ғалымның өзі Ел президентімен кез­десу кезінде алғаш рет Алматы академиясында ашылғанын атап өткен болатын. Бұл академия тарихы үшін зор қуаныш әрі мәртебе.
Енді кітаптың сырлы тарихына келер болсам, аталған кітап 2021 жылдың соңында Брюссельде қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жарық көрді. Онда 130 сирек кез­десетін ортағасырлық карталардың (1562-1879 жж.) хронологиясы берілгені қаншама тарихи құндылық екенін көруге болады. Жалпы, Мұхит-Ардагер Сыдықназаров 15 жылдан артық уақытын әлем бойынша Қазақ мемлекеті көрсетілген көне карталарды іздестіруге арнаған адам. Оның көп жылғы ғылыми ізденістерінің нәтижесінде XV ғасырдан бері мемлекет­тігімізді растайтын 300 тарихи карта ғылыми айналымға енгізіліп отыр.
Аталған еңбекті өз тарапымнан Тәуелсіздік жағдайында қоғам руханиятын жаңғыртудың, оның ұлт­тық санасы мен ұлт­тық мақтанышының, тарихи жадының өсуінің, Отанның объективті және шынайы тарихын қалпына келтірудің белсенді үдерісі жүріп жатқан кез­де мұның Жаңа Қазақ­стан құру үшін маңызы зор.

Ғалымжан ЕСБОЛАЕВ
ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы
Алматы академиясы бастығының орынбасары,
полиция полковнигі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір