БАҚЫТЖАН ҚАНАПИЯНОВ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ
12.02.2016
1366
0

обложка  лицоЖуырда Лондондағы «Айтматов-Академия» баспасынан ақын әрі жазушы Бақытжан Қанапияновтың «Balbal: Stone Guard of The Deserts» – «Балбал – каменный страж степи» атты кітабы жарық көрді.

Жинақты тәржімалаған ағылшын аудармашылары Джон Амор мен Катарин Джуделсон. Кітап «Алла Тағалаға құрмет», «Ыстықкөлдің таңбасы» повестері мен «Бақ­ша­сарай», «Жалғыз  ағаш», «Шие», «Теңіздің ар жағынан келген қонақ», «Киелі құс – Ақ қаз» атты бірқатар новеллалардан, сондай-ақ, «Таугүл», «Алма-Яблоко», «Әлем картасы», «Құм сағат» атты бірнеше тәмсіл әңгімелерден тұрады. Бұл туындыгердің ағыл­шын тілінде жарық көрген тұңғыш прозалық кітабы. Тұсаукесер мамыр айында Лондон мен Кембриджде өтпекші.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір