Неліктен ағылшын тілінің қоғамда маңызы зор?
Ағылшынтілді әлем (ағылш. English-speaking world) — әлемнің ағылшын тілінде сөйлейтін халқы. 2000 жылдардағы мәліметтер бойынша, әлем халқының екі миллиардтан астамы ағылшын тілін қандай да бір деңгейде меңгерген және осы тілде сөйлей алады. Бұл көрсеткіш ағылшын тілін әлемдегі ең ірі, кең таралған және маңызды тіл етеді. Ағылшын тілі сондай-ақ әлемдегі сөйлеушілер саны бойынша бірінші, ал ағылшын тілі ана тілі болып табылатын адамдар саны бойынша үшінші орында. Ағылшын тілі ана тілі болып табылатын адамдардың ең көп мөлшерін 67 және 330 миллион халқы бар Ұлыбритания мен АҚШ иеленеді. Сонымен қатар ағылшын тілі Канадада 29 миллион, Аустралияда 25,7 миллион, Жаңа Зеландияда 5 миллион және Ирландияда 5 миллион адамға ана тілі болып табылады.
Біріккен патшалықтың бөлігі болып табылатын Англия — ағылшын тілінің отаны. Тілдің қазіргі нұсқасы XVII ғасырдан бастап, Ұлыбританияның және XIX, XX ғасырлардан бастап Америка Құрама Штаттарының әлемдік ықпалы бойынша әлемге тарала бастады.
Сондай-ақ ағылшын тілінің әлемде көптеген диалектері бар. Мысалы, Америкалық ағылшын, Британдық ағылшын, Канадалық ағылшын, Аустралиялық ағылшын, Жаңа Зеландиялық ағылшын және олардың тармақталған диалектерін қолданатын елдер, мысалы, Оңтүстік Африка, Үндістан, Филиппиндер, Нигерия, Ямайка, Гана, Уганда және тағы басқалары.
Ағылшын тілінің түп-төркіні V–VІ ғасырда құрлықтан Британ аралына қоныс аударған англ, сакс, ют тайпалары мен аралдағы байырғы кельт (бриттер) тайпаларының тілі болып саналады. Ағылшын тілінің даму тарихы ежелгі ағылшындық (VII–XI ғ.), орта (XII–XV ғ.) және жаңа (XV ғасырдан бері) дәуір болып үш кезеңге бөлінеді.
Ағылшын тіліндегі жазба ескерткіштер VII–VIII ғасырлардан белгілі. Ол уақытта ағылшындар руна жазуын пайдаланып тасқа, ағашқа, сүйекке ойып жазған. VI–VII ғасырларда ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты руна жазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады. Ағылшындар латын әліпбиін ілгері дамытып, оған W, J және V әріптерін қосты. 1066 жылы Англияны нормандар басып алды да, мемлекеттік тіл — француз тілі болып, ағылшын тілі қарапайым халықтың сөйлеу тілі есебінде сақталды. 1476 жылы Англияда ағылшын тілінде кітап басып шығару басталды. Бұл жағдай Лондон диалектісі негізінде ағылшынның жазба әдеби тілін қалыптастырды.
Қазіргі таңда әлемде көптеген мемлекеттер бар, ал тұрғындар сөйлейтін тілдер одан мың есе көп. «Әр елдегі адамдар бір-бірімен қалай сөйлесе алады?» деген сұрақ туындайды. Міне, осындай жағдайда адамдар ұлтына қарамастан, әлемдік тілдердің көмегімен бір-бірін түсініп, ақпарат алмаса алады. Осындай тілдердің ішінде ағылшын тілі бірінші орында тұр. Осыдан аз ғана уақыт бұрын ағылшын тілі кәдімгі шетел тілі болды, бірақ қазіргі уақытта әлемдік деңгейге көтеріліп, әлемдік қарым-қатынастың негізі болып саналады. Ағылшын тілі бірінші дүниежүзілік әмбебап тілі болып табылады. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, мемлекеттік зор ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне халықаралық сипат алған ағылшын тілінің өзіндік рөлі зор. Әлемдегі көптеген елдер ағылшын тілінде сөйлейді. Бұл тіл қазіргі заманда жаһандық тіл болғандықтан, оның Қазақстандағы рөлі және болашақтағы маңызы зор. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады. Бірақ кейбіріміз үштілділік үдерісі жөнінде басқаша көзқарас танытып жатамыз. Мұның себебі осы бір сөздің мағынасын түсінбеуден келіп шығады. Бірқатары осы бағытты ұстануға оң көзбен қарап, құптаса, енді бірі өз қарсылықтарын білдіруде.
Әлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу – ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып ала бастаған Қазақстан үшін қажеттілік.
«Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек» деген. Демек, ағылшын тілін білмей, заман талабына лайықты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толық қол жеткізе алмаймыз. Іргелес мемлекеттерден анағұрлым ілгері тұрған Қазақстан қазіргі жетістіктерімен шектеліп қалмау үшін де көптілділікке ұмтылуда. Өйткені еліміздің біліктілігі мен сауаттылық деңгейін әлемге танытып, алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіру мүмкіндігіне жетелейтін қадамдардың маңыздысы – көптілділік.
Қазіргі уақытта ағылшын тілін үйренудің 7 негізгі себептеріне тоқталайық. Олар:
1. Ағылшын тілі – дүниежүзілік тіл
Бүгінгі таңда ағылшын тілі халықаралық тілге айналды, ол әлемдегі ең көп сөйлейтін тіл. 400 миллионнан астам адам үшін ана тілі, 300 миллион үшін екінші тіл болып қалады, ал 500 миллион адам ағылшын тілін біледі.
2. Ағылшын тілі – сауда және бизнес тілі
Көптеген елдерде ағылшын тілі дипломатия, сауда және бизнес тілі ретінде өте маңызды орынға ие. Әлемдік транзакциялардың 90%-ы ағылшын тілінде. Әлемдік қаржы қорлары мен биржалары ағылшын тілінде жұмыс істейді. Қаржылық алыптар мен ірі корпорациялар қай елде болмасын, ағылшын тілін қолданады.
3. Ағылшын тілі – білім тілі
Ағылшын тілі – мектептердегі ең танымал шет тілі. Әлемдегі ең беделді университеттерде, көбінесе, ағылшын тілін қолданады. Ағылшын тілі екінші ресми тіл болып табылатын елдерде студенттер ағылшын тілінде оқуды жөн көреді. Ағылшын тілін білу, жақсы білім алуға және табысты мансап құруға мүмкіндік береді.
4. Ағылшын тілі – саяхаттау тілі
Екі ғасыр бойына британдықтардың ауқымды саяхаттары өз жемісін берді. ХХІ ғасырда ағылшын тілі саяхат тілі болып табылады. Қай елде болсаңыз да, ағылшынша сізді барлық жерде түсінуге болады. Қонақүйде, мейрамханада, аялдамада сіз жергілікті ағылшын тілінде тұрғындармен сөйлесе аласыз.
5. Ағылшын тілі – ғылым мен техниканың тілі
Ағылшын тілі ХХІ ғасырдың тілі технологиялық прогресс және ақпараттық технологиялар ғасырына айналды. Бүгінгі таңда жаңа гаджеттерге арналған барлық нұсқаулар мен бағдарламалар ағылшын тілінде жазылған. Ғылыми баяндамалар, мақалалар, баяндамалар ағылшын тілінде шығарылады. Интернет ресурстарының 90%-ы ағылшын тілінде. Барлық саладағы ғылым, спорт, жаңалықтар, ойын-сауықтардағы ақпараттың басым көпшілігі ағылшын тілінде шығарылады.
6. Ағылшын тілі – жастар тілі
Ағылшын тілі жастар мәдениетінің тіліне айналды. Америкалық актерлер,
актрисалар, музыканттар бірнеше ұрпақтың кумирі болды және болып қала береді. Голливуд – бүгінде кино саласындағы сөзсіз көшбасшы. Америкалық экшн-
фильмдер мен блокбастерлер бүкіл әлемде ағылшын тілінде көрсетіледі. Америкадан джаз, блюз, рок-н-ролл және тағы да басқа танымал музыкалық стильдер келді.
7. Ағылшын тілі – әмбебап тіл
Жоғарыда айтылғандардың бәріне қосымша, ағылшын тілі – әдемі, әуезді және үйренуге оңай. Ағылшын тілінде әлемдегі ең бай лексика бар, бірақ ол қарапайым грамматикаға ие. Мысалы, орыс тілімен салыстырғанда көп жалғаулары жоқ. Сөздердің өздері бір-біріне тартымды, қысқа және нақты сөйлемдер құрайды. Халықаралық тіл қарапайым және бәріне түсінікті болуы қажет.
Студенттерге ағылшын тілін білу, оны болашақта нақты өмірде қолдану және болашақ кәсіпте практикалық қолдану мүмкіндігімен байланысты екенін түсіну керек.
Майра Жұмаділа,
ағылшын тілі пәнінің оқытушысы,
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
университеті колледжі