«АНА ЖҮРЕГІ»
12.02.2016
1176
0

АНА ЖҮРЕГІ15 ақпан кешкі сағат 18.00-де  (Ж.Омарұлы көшесі, 47 б) Қ.Қуанышбаев  атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында актриса Бақыт Жұмағұлованың сомдауында «Ана жүрегі» атты моноспектакльдің премьерасы өтеді.

Шығарма  жазушы  Ш.Айтматовтың «Құс жолы» пов­есі негізінде «Ана жүрегі» атауымен жарық көрді.  Қиын-қыстау кездегі Ананың туған жеріне, халқына, ең бастысы, жары мен балаларына деген махаббатын, батылдығын, шыдам­дылы­ғын қойылым негізіне арқау еткен.

Шығарманы қазақ тіліне аударған – Ш.Мұртаза. Спектакльдің режиссері – ҚР халық артисі Тілектес Мейрамов.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір