ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРА ӨЛЕҢІ ТҮРКИЯ ҒАЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫНА АЙНАЛДЫ
22.05.2023
281
0

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ғалым Жайлыбайдың туындыларын шетел ғалымдары да зерттеу тақырыбына айналдырып отыр. «Веngu» баспасынан  түркиялық  ғалым Сәмет Өндердің «Қазақ ақыны Ғалым Жайлыбайдың  таңдаулы өлеңдерінің  тілі мен стиліндегі  ерекшеліктер» деген  тақырыпта  ғылыми  монографиялық   еңбегі  кітап  болып жарық көрді.
Ғылыми  жұмыс  Помуккале университетінің Әлеуметтік  ғылымдар институтында қорғалған. Бұл ақжолтай хабарды Евразия Жазушылар одағының Төрағасы Якуб Өміроғлы  Анкара шаһарынан арнайы хабарласып, жеткізген.
«2018 жылы көлемді, 1 томдық «YANKI» өлеңдер мен  поэмаларымның таңдаулылары топтастырылған жинағым  Анкарада  жарық көріп еді. Еңбектерімді  түрік тіліне  Нергиз Бирай, Екрем  Аян, Кемиле  Канаш секілді  атақты  аудармашылар  тәржімалаған.
Сол жылы Евразия  қаламгерлері журналы  бір  санын менің  шығармашылығыма арнаған. Түрік елінің  ақындары  мен  ғалымдары  «Ақын Ғалым Жайлыбай  Қарағандыға  шақырады» атты  поэзия фестиваліне Дүйсен  Қасейінов  ағамызбен  бірге  келіп,  мерейімді  аспандатқан еді.
Енді Сәмет Өндір  бауырымыздың мына еңбегін көріп қатты қуандым», – дейді ақын. Біз де қазақ қаламгерін қуанышымен құттықтап, түркі елдерінің бірлігі қашанда мығым болсын деп тілейміз. 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір