Ұстаздардың назарында: сабақты зерттеу технологиясын дамыту
«Ғылым онкүндігі-2024» аясында Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары Абай атындағы ҚазҰПУ-дің арнайы шақыруымен «Action Research тұжырымдамасы және үздік тәжірибелер панорамасы» тақырыбында ұйымдастырылған идеялар фестиваліне қатысты. Шара «Action Research сияқты зерттеудің бейресми нысандарын практикаға интеграциялау негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігін дамыту теориясы мен технологиясы» жобасының тақырыбында өтті.
НЗМ мұғалімдерінің шығармашылық командасы Д.К.Байділдинова, М.А.Мұқанова, Б.Л.Себепбаева, А.Ж.Байжұманова, Р.А.Искакова, А.Х.Халитова, Ж.Ж.Муканова, Ж.К.Мукашовалар және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдары Action Research бойынша өздерінің зерттеу инсайттарымен таныстырды. Идеялар фестивалінде спикерлер оқытылатын пәндер шеңберінде жүргізілетін бейресми зерттеулердің құнды тәжірибелері, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің интеграциясы, оңтайлы шешімдері және олардың нәтижелерімен бөлісті.
Фестиваль соңында Абай атындағы ҚазҰПУ мен алматылық ХББ НЗМ ынтымақтастығының келешегі талқыланып, қатысушылардың сындарлы пікірлері тыңдалды және спикерлерге сертификаттар табысталды. Абай университетінің ПОҚ, жас ғалымдар, докторанттары «Action Research» бойынша зерттеулерге қызығушылық танытып, зерттеу белсенділіктерін арттыруға ниет білдірді.
ПІКІРЛЕР1