Ұлт руханияты – түркі әлемінде
03.05.2023
177
0

Астанадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан «EURASIAN BOOK FAIR – 2023» Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде «Атамұра» корпорациясының ұйымдастыруымен бірнеше жаңа кітаптың тұсаукесері өт­ті. Тұсаукесерде Әзербайжан Жазушылар одағының төрағасы, Әзербайжан Республикасы Мемлекет­тік сыйлығының лауреаты, Әзербайжанның халық жазушысы Анардың «Бес қабат­ты үйдің алтыншы қабаты» (аударған Қайнар Олжай), Қазақ­стан Жазушылар одағының төрағасы, ҚР Мемлекет­тік сыйлығының лауреаты, ақын Ұлықбек Есдәулет­тің «Әбілхаят», ҚР Мемлекет­тік сыйлығының лауреаты, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның «Ақ шағала» кітаптары көрмеге келген көпшілік оқырманға кеңінен таныстырылды.Тұсаукесер рәсімін «Атамұра» корпорациясының президенті, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, ұлт руханиятының жанашыры Рақымғали Абрарұлы өзі жүргізді. Туындысы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылған Анар Расулоғылы Рзаевқа « Атамұра» баспасының атынан қазақы дәстүрмен шапан жауып, алдағы уақыт­та да шығармашылық байланыста болатынын жеткізді. Көрмеде таныстырылған үш кітаптың да рухани қазынаға қосылған сүбелі дүниесі, оқырманның рухани азығына айналары хақ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір