Шығыстану факультетінде ашық есік күні өтті
25.01.2024
34
0

 

2024 жылдың 24 қаңтарында Шығыстану факультетінде ашық есік күні өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен мүмкіндігінше көп мектеп оқушыларын тарту мақсатында бұл іс-шара Zoom платформасында өткізіліп, Қазақстанның оннан астам мектептерінен 150-дей оқушылар қатысты.

Конференция факультетіміздің деканы Н.Б.Емның салтанатты сөзінен басталды. Әрі қарай әр кафедрадан факультет туралы презентация көрсетілді. 3-курс студенті Асқар Ақбота факультет құрылымы, факультеттегі оқытылатын Білім беру бағдарламалары туралы, 3-курс студенті Мичкасов Алексей факультеттің халықаралық байланыстары мен академиялық ұтқырлық туралы тартымды әңгімелеп берді. Факультет түлектері туралы 3 курс студенті Тағыбай Айсәуле баяндап берсе, ал студенттік декан Сагимбеков Абен бастаған белсенді студенттер студенттік өмір туралы презентация көрсетті. Қорытынды сөзді қытайтану кафедрасының доценті міндетін атқарушы Е.А. Керімбаев алып, конференция қатысушыларына шығыстану ғылымының қыр-сыры туралы танымдық баяндама жасады.

Мақала жолдаушы: Маулит Б.

Мақала авторы:   Тазабекова Г.Б.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір