ҚазҰУ жастары қолғабыс жасады
29.01.2022
76
0

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Алматы қаласындағытәртіпсіздік кезінде өртке оранған «QAZAQ STAN» телерадио кешенін ретке келтіруге көмектесті. Олар қаланың белсенді жастары және еріктілерімен бірге ғимаратты өртенген заттар мен қоқыстардан тазартты.

Игілікті іске атса лысқан механика-математика факультетінің 4-курс студенті Абзал Әріпов: «Біз, ҚазҰУ жастары, көмек керек екенін білген сәт те дереу жиналып бардық. Ғимарат ішін бү лінген заттардан тазар тып, қалпына келуіне бар септігімізді тигіздік. Мұн дай зобалаң елімізде енді қайталанбаса екен», – деген тілегін жеткізді. «Ойрандалған қала кө шелерін көргенде жүрегім ауырады. Әсем қаламызды ретке келтіруге қол ұшын созғанымызға қуаныштымыз. Елімізде әр қашан тыныштық болуын тілеймін. Жарқын өмір мен ел игілігі үшін біз білімді және бәсекеге қабілетті болуға тиіспіз», – дейді 4-курс студенті Ұлдана Жүрсінәлі. Сондай-ақ жастар «қиын дықты тек бірлік пен ынтымақ арқылы ғана жеңе аламыз» деген ой-пікірлерімен бөлісіп, барша азаматтарды бейбіт өмірді бағалауға шақырды.

 

29 ҚАҢТАР, 2022 ЖЫЛ

 

                                                                                                  

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір