Нашақорлық – құрдымға бастар жол
05.04.2023
631
0

Қазіргі күнде нашақорлар туралы жиі айтамыз, жиі кездестіреміз. Баспасөз беттерінен оқимыз. Таныстарымыздың отбасында есірткінің кесірінен болып жатқан қайғылы жағдайлар туралы да естиміз. Ең қорқыныштысы – ол нашақорлықтың тұсауына түсетіндердің көбі жастар. Есірткі қолданушылардың негізгі тобын 14-30 жас аралығындағы жастар құрайды екен.

Есірткі заттары – денсаулыққа ғана зиян тигізіп қана қоймайды, олар адамның жеке тұлғасына нұқсан келтіреді. Есірткі қолдану жастардың бос уақытындағы айналысар ермегіне айналған. Барлық жаңа клубтарды, би алаңдарын, оқу орындарын, аулаларды есірткі буы жаулап алып жатыр.
Нашақорлық мәселесін шешу бүгінде бүтін бір қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Қазіргі таңда көптеген дәрі-дәрмектік бағдарламалар және есірткіге тәуелділіктен арылтатын рухани тәжірибелерде аз қолданылып жатқан жоқ.
Нашақорлық – есірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт. «Есірткілерді тұтыну «зиянды ләззаттарға» жатады. Өйткені олар тұтынушыға субъективтік ләззат сезімін сыйлайды, бірақ организмге зиянын тигізеді. Есірткілік заттарды тұтыну тек «ләззат алу» ғана емес, сондай-ақ дәрігермен дәрілік препарат (ауруды басатын, ұйықтататын, психостимулятор) ретінде берілуі мүмкін. Егер есірткілерді тұтыну үзіліссіз және үнемі болса, тұтынушының организмінде өзгерістер болады, нәтижесінде есірткілерден болатын тәндік немесе психикалық тәуелділік туындайды.
Нашақор деген кім, ұстап алып түрмеге жауып қоятын қылмыскер ме әлде емдеуге жатқызатын ауру ма? Оның мұндайға баруына не себеп болды?
Нашақорлық – биологиялық, үдемелі және өлімге душар ететін ауру. Адам баласы өзінің алғашқы есірткісі ретінде героинды қабылдамайды, керісінше, ол марихуана, стимуляторлар мен құрамында есірткі бар дәрілік заттарды қабылдаудан бастайды. Адамдар арасында жеңіл есірткі түрі туралы жалған мәлімет тарап кеткен. Егер адам баласы марихуананы шегіп, өлмеген болса, онда героинда сондай қауіпті емес деген ой пайда болады. Жеңіл деген есірткінің өзінде ар жағында үнемі ауыр тәуелділікке әкеп соғатын есірткілер тұрады. Жеңіл есірткі дегеніміз – ол мүлдем жалған және ол есірткі қолданатын адам санын көбейтуге бағытталған деп айтуға болады.
«Ләззат алу» кезеңі өте қысқа – 3-5 ине героин, 23 ине амфетамин салу. Бұталы өсімдіктерден дайындалған есірткілерді пайдалану кезінде тәуелділік өте жылдам қалыптасады. Содан ары есірткі дәріге, нашақор мүгедекке айналады да тән тәуелділігі қалыптасады. Науқас адамға «кінәлі» деп қарауға да болмайды.
Нашақорлыққа қарсы күресушілер арасында нашақорларды емделгісі келмейді деушілер де бар. Бұл шындыққа жанаспайды. Әрбір науқас нашақордың емделуге деген тілегі бар. Бүгінгі таңда медицина есірткіден бас тартқан кездегі ауру белгілерін емдеуді жақсы меңгерген. Бірақ та психологиялық тәуелділік 6-8 айға дейінгі ұзақ уақыттағы оңалтуды талап етеді. Бұған сол жолды аяғына дейін жүріп өтуге бәр-бәрінің күш-жігері жете бермейді.
Облыста есірткіге тәуелділерді емдеу облыстық наркологиялық диспансерде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көмегі аясында жүзеге асырылады. Павлодар қаласындағы нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік мәселелерінің Республикалық ғылыми-практикалық орталығы жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Және де осы Павлодар қаласында «Асар» оңалту орталығы жұмыс істейді.
«Нашақорды емдеуге бола ма» деген сұрақ туындайды. Егерде емдеу нәтижесін тұмау мен ангинаны емдеу сияқты қарайтын болсақ, онда жоқ деп айтуға болады. Бірақ та бұл да басқа аурулар сияқты ауру. Оны қант диабетімен салыстыруға болады. Қан диабетімен ауыратын адам басқалардан өзгеше. Бірақ ол тәтті жемей және уақытында дәрісін қабылдап отырса толыққанды, дені сау адам қатарына жатады.
26 маусым – Бүкіләлемдік нашақорлықпен күрес күні. Бұл күні бүкіл әлем қазіргі қоғамға ауыр психикалық ауру қаупі төнгенін, оны емдеу қажет екендігі туралы жар салады.
Нашақорлық бүгінде әлеуметтік ауру статусына ие болған. Ол бүкіл халықтың тобын зақымдайды және жылдам ұлғая береді. Бұл аурумен ауырғандардың нақты санын дөп басып ешкім айта алмайды. Ресми көрсеткіштерді айсбергтің шың басы деп айтуға болады. Біреулер бұл сандарды онға көбейтуге әбден болады десе, екінші біреулер тіптен елуге дейін көбейтуге болады деседі. АВИТ жұқпасын жұқтырғандардың 97 пайызы нашақорлар. Нашақорлықпен күрес үшін барлық позитивті қоғамдық күштер – дінбасылар, мемлекет, білім беру ұйымдары бірігулері қажет.

ЕСІРТКІ ДЕГЕН НЕ?

Наркотик ( гр. ναρκωτικός — естен айырылу) — БДСҰ-ның анықтауы бойынша, ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі. Термин әдетте есiрткi анальгетиктер деп аталған апиыны бар заттарға немесе опиоидтарға жатады. Есірткі баяғы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдары Қытайда анаша пайдаланылды деген дерек бар. Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырына көшті.

ЕСІРТКІНІҢ ТҮРЛЕРІН БІЛЕМІЗ БЕ?

Марихуана – кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сорат гүлдерінің қосындысы.
Героин – ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі.
Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап, мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді. Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады.
Экстази – 1987 ж. Испанияда болған бір дискотекада «экстази» таблеткасын (метилендиоксиметиламфетамин) музыкамен біріктіруден болған эффект «ашылды». Экстази қолданғаннан кейін жеңілдік сезіледі, күш-қуаты күшейеді, көңіл көтеріп, бірнеше сағат қатарымен шаршамай билеуге болады. «Экстази» 2 сағаттан 8 сағатқа дейін әрекет етеді. Алайда «Экстазиден» қайтыс болғандардың саны көп. Ол ең қауіпті есірткі құралдарының қатарына саналып, БҰҰ-ның барлық елдерінде тыйым салынған. Осы есірткіні қолданған кезде адамның ми клеткалары, бауыры, бүйрегі бұзылады, жүйкесі бұзылады, тамырлары қысылады, ақырында өлімге әкеліп соғады.
Токсикомания – булармен, газдармен демалу. Токсикоманияның кейбір формалары ароматтық және басқа да заттар, мысалы, тұрмыста қолданылатын ацетон, бензол арқылы таралады. Бұл ерітінділер, тазартқыштар, синтетикалық желімдер, никробояулар, дақтарды кетіретін сұйықтықтар және т.б. Үйде негізінен дезодорант-спрей, шашқа арналған лак, жиһазды тазартуға арналған сұйықтық, тырнаққа арналған лак, бензин және т.с.с.
Есiрткi жер бетiн әбден жайлап алды. Кез келген мемлекеттiң алдында нашақорлыққа күрес ашық жарияланып отыр. Қазақтың тегiнде болмаған есiрткi қазiргi таңда есiрiп кеткен. Сарапшылардың пiкiрiнше, бiздiң елiмiз тiптi есiрткi саудасының жол торабына айналған. Жыл сайын есiрткiмен күрес шараларына бөлiнетiн қаржының көбеюiне қарамастан, нашақорлар саны күннен-күнге өсiп келедi. Қазiр Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 54 мыңға жуық нашақор тiркеуде тұр. Бұл бiрнеше рет көзге түсiп тiркелгендерi. Тiркелмегендерiнiң қанша екенi әзiрге белгiсiз. Республикамызда нашақорларды емдейтiн 9 орын бар. Үстiмiздегi жылы мамандар нашақорлыққа бас ұрған адамдарға арнайы тексеру жұмыстарын жүргiзген. Нәтижесiнде нашақорлардың 60 пайызы 30 жасқа дейiнгi жастар мен әйел адамдар екенi анықталып отыр. Есiрткi таратуға қарсы қылмыстық жаза күшейтiлдi, Үкiмет тарапынан қомақты қаржы да бөлiнуде. Бiрақ нашақорлардың саны азаяр емес. Заңгерлердiң айтуынша, есiрткi бизнесi тамырының тереңге бойлауына одан түсетiн қыруар ақша себеп болуда.
Дәрiгерлердiң айтуынша, нашақорлар Астана мен Алматы қалаларында жыл өткен сайын ұлғайып келедi. Астана қаласы нашақорлардың саны бойынша республикадағы төртiншi орында екен. Қазақстанда ресми мәлiмет бойынша 5 мыңға жуық жасөспiрiм есiрткi тұтынса, солардың iшiнде токсикомандармен қосқанда 137 бала Астанада тiркелген. Астанадағы нашақорларды емдейтiн диспансердiң бас дәрiгерi Ольга Комарованың айтуынша, барлығы қалада ресми мәлiмет бойынша 3 жарым мың адам тiркеуде тұр. Жыл сайын олар 10-12 пайызға өсiп отырады дейдi дәрiгер. Есiрткi заттарын пайдалану жолында ақша үшiн нашақорлар көптеген қылмыстық iстерге баруда. Сонымен қатар гигиеналық тазалықтың сақталмауынан жазыла қоймайтын түрлi ауруларды да сол нашақорлар таратуда. Әлеуметтiк құрамы бойынша iндетке шалдыққандардың 74 пайызын нашақорлар құрайтын көрiнедi. Дәрiгерлердiң пiкiрiне сүйенсек, жасөспiрiмдердiң көбiсi героин және синтетикалық есiрткiнi көп пайдаланады. Бұның аяғының не болары белгiлi… Яғни мөлшерiн асырып тұтынған адам өлiмi, ерте жаста мүгедек болу немесе ұзақ уақыт бойы емделуге тура келедi.
Нашақорлық — адамзатқа берілген ең ауыр жаза. Нашақорлық – өзін-өзі өлтірудің ең баяу тәсілі, өз бойында өмірді, ерікті, ақылды, қабілетті саналы, ерікті түрде бұзу. Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу біздің қолымызда.

Елриза Бауыржанқызы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір