«МЕНІҢ ПІРІМ – СҮЙІНБАЙ» халықаралық жас ақындар айтысы
03.04.2023
415
0

Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен «Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі VII халықаралық жас ақындар айтысы өтеді. Жыр додасы биыл Ұлы Абайдың атындағы аталған университеттің 95 жылдығына арналады.
Айтыста Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Қытай ақындарымен қатар еліміздің барлық жоғары оқу орындарының елуге жуық жас жүйріктері бақ сынамақ. Жастар аламанына ASSYLTAS қоғамдық қорының құрылтайшысы Дулат Тастекеев қаржылай қолдау көрсетуде.
Айтысқа ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман, ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі айтыскер ақын Серік Қалиев, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры, айтыскер Ринат Зайытов, Айтыскер ақын Ахметжан Өзбеков, Филология ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы қазылық етеді.
Сөз бәйгесін айтыскер ақын, О.Дос­босынов атындағы ақындар мектебінің жетекшісі Шұғайып Сезімханұлы жүргізеді.
«Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі VII халықаралық жас ақындар айтысының мақсаты – айтыс өнерін жастар арасында кеңінен насихаттау, ақындық дәстүрді жаңғырту, жас ақындардың суырыпсалмалық қабілет­тері мен шешендік өнерін шыңдау, олардың көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау.
Айтыстың іріктеу кезеңі:
2023 жылғы 6 сәуір күні, сағат 10:00-де «Абай атындағы ҚазҰПУ» Бас оқу ғимаратының №225 конференция залы (Достық 13)
Қорытынды кезеңі:
2023 жылғы 7 сәуір күні, сағат 14.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтеді.

Қосымша ақпарат:
Айман Мұратқызы 8707 244 2400
Шұғайып Сезімхан 8775 776 3802.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір