ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ
03.04.2023
179
0

Ақтөбе гарнизоны Қорғаныс министрінің ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы аясында «Күшіміз — бірлікте» атты әскери-патриоттық акциясын өткізді. Бұл туралы аталған гарнизонның баспасөз қызметі хабарлады.
Отан қорғаушылардың абыройын арттыру, қоғамдағы беделін нығайту, әскерилердің рухын көтеру мақсатында ұйымдастырылған акцияға гарнизонның әскерилерімен қатар, олардың отбасы мүшелері, жергілікті атқару органдарының, Қазақстан халқы Ассамблеясының қалалық филиалының өкілдері, Amanat партиясының Ақтөбе ардагерлер қоғамының мүшелері қатысты.
– Қорғаныс министрлігі алдында үлкен тапсырмалар тұр. Әсіресе әскерилеріміздің моральдық-психологиялық жағдайы мен мерзімді әскери қызметтің беделін арттыруға аса мән берілуде, – дейді Бас штаб бастығының орынбасары генерал-майор Серік Борамбаев. Сондай-ақ ол аталған шара барысында сарбаздармен әңгімелесіп, олардың тұрмыстық жағдайларымен танысты.
Оның сөзінше, отанды сүю өте ауқымды танымдық дүниелерді қамтиды. Жастарымызды патриотизмге тәрбиелеу үшін мұндай іс-шаралардың көп болғаны дұрыс. Өзінің тарихын терең түсінген, түрлі ақтаңдақтарды таныған, осы алып даланы қорғау жолында шейіт болған баһадүрлеріміздің өмірін оқыған жастар өз отанын сүйері сөзсіз.
Шараға қатысушылар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық музейінің қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күресі мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлердің тарихынан сыр шертетін экспонаттарды тамашалады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір