«Күлкі және көз жасы»
29.01.2016
2874
0

25-01-2016-tursinzhan-shapai-1Жақында Алматыда әдебиет сыншысы, композитор, жазушы Тұрсынжан Шапайдың «Күлкі және көз жасы» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті. 

Кітап «Ақжүніс» баспасынан жа­рық көрді.
Баспа басшысы, «Ақжүніс-Ас­тана» журналының бас редакторы Сәуле Әбединованың айтуынша, қаламгердің жаңа туын­дысына 2000 жылдардың ортасында шық­қан «Қазақтың жаны» кітабына ен­ген шығармалары, жаңа әң­гіме, эсселері мен соңғы жылдары жа­зылған туындылары енген. Еркін форматта өт­кен жиынға Нұртөре Жүсіп, Жүсіпбек Қор­ғасбек, Гүлнәр Салықбай, Айгүл Ісмақо­ва, Серік Нұғыман, Жарас Сәрсек, Жанарбек Әшімжан, т.б. әдеби қа­уым өкіл­дері, автордың заман­дас­та­ры мен ізбасар інілері, жур­­налис­тер, өнер және мәдениет қай­­рат­керлері жиналды. Тұсау­кесер рәсімінде «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы, «Ақиқат» журна­лы­ның Бас редакторы Аманхан Әлім, «Ел» продю­сер­лік орталы­ғы­ның директоры Ға­лым Доскендер сөз сөйлеп, жазу өне­ріне қа­тысты ойларымен бө­ліс­ті.Бекжан Тұрыс, Рамазан Стам­ғазиев, Ұлту Қа­бае­ва, Тілеу­лес Құрманғалиев әуе­летіп ән са­лып, Асқар Наймантай жазушы шы­ғар­масынан «Қазақ­пен саудаласу» интермедиясын орындады.
Т.Ша­пай­дың жаңа кітабына енген әңгіме, эсселері өзгерген қоғам мен құбылған адам мі­не­зін байбалам салмай, астарлы мән­мен жет­кізеді. Кітапты оқып отырып жылайсыз, жылап отырып күлесіз. Ав­тордың өзі бір сөзінде: «Көр­кем әдебиет­тің оқырманы қай кез­де де көп бол­маған. Енді де азаймайды. Қазір­гі өндір жас буынның көркем әдебиетті аз оқитыны жасырын емес. Оның ойлау, көру, қиялдау машығы – теледидарлық. Бұл үшін енді, жастар мен теледидарды өлшем қылып алып, «соры қай­наған» әде­биетті жүндеу – әділет емес. Ең дұрысы – үшеуін де түсіну. Рас, бар мәдениеті телесериалдармен шек­теліп қалғысы келмесе, талантты әдебиет үшін күресуі керек. Яғни оқу керек», – деген болатын.
«Күлкі және көз жасы», «Жазу», «Бір мысқал», «… және бір эссе» ат­ты төрт тараудан тұратын кітап қазірдің өзінде ерекше ой оралым­да­рымен, тілінің шұрайлылығы, сөзінің салмақтылығы, мәселеле­рі­нің көкейкестілігімен оқырман­да­рын елеңдетіп отыр.
Кітапты «Ақжүніс» баспасынан алу­ға болады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір