Қазақ халқының абызы еді…
29.01.2016
1300
0

824012_861332074________________________________________________Жуырда С.Бәйішев атындағы  Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың шығарма­шы­лы­ғына арналған «Қазақ әдебиетінің абызы еді…»  атты әдеби еске алу кеші өтті.

Мақсаты – еліміздің әдеби байлығы мен мемлекет ісінде өшпес із қалдырған Әбіш Кекілбаевты еске алып, қалың оқырман қауымына жазушының өмірі мен шығармашылық жолын таныстыру.Қаламгердің отаншылдыққа толы әдеби мол мұрасын насихаттау.
Әдеби кешке Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.М.Ермұқан, белгілі қоғам қайраткері, профессор, философия ғылымдарының докторы А.Ә.Айталы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-нің директоры М.Ақдәулетұлы қатысып, Ә.Кекілбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына, еліміздің мәдениетіне, әдебиетіне қосқан өлшеусіз еңбегі туралы айтып, жастарды қаламгердің баға жетпес мол мұраларын оқуға шақырды. «Келбет» бағдарламасынан Ә.Кекілбаев туралы бейнематериал көрсетіліп, көрермендер Әбіш Кекілбаевтың Сенатта сөйлеген соңғы сөзін тыңдады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір