ӘКЕЛІ БАЛА – ЖАУЖҮРЕК
11.12.2022
448
0

Тәуелсіздігімізді алып, шекарамыз шегенделіп тұр десек те, интернет желісі іске қосылғалы жан-жақтан ағылған ақпарат көздерінен малтығып шыға алмай қалғанымыз сонша – ұлттық санамызға қауіп төне бастады.

Әкеге қарап ұлдың, шешеге қарап қыздың өсуімен сабақталып жатқан қазақы тәрбие дәстүрінің өз бағытына жаңыла бастағаны да жасырын емес. Осы жолда не істеу керек, қандай мақ­сат-міндеттер мен жобаларды бас­шы­лыққа алған жөн деген сауалдарға жауап іздеп және әке тәрбиесінің өзек­тілігін өзгеге түсіндіріп келе жатқан «Сенім­ен болашақ» РҚБ жемісті жұмыс істеп келеді. Бірлестіктің Алматы қала­лық филиалы кезекті семинарын осы жолы әкелерге арнады. №152 мек­тепте жиналған әкелер қауымы педагогика ғылымының кандидаты Райхан Мұратханқызының «Отбасы – әке патшалығы, ана әлемі және бала жұмағы» атты дәрісін, филиал психологы Қуаныш Қуатқызының «Әкелі бала — жаужүрек» атты тренингін тыңдады. Қазақ отбасындағы бәрінен қымбат саналатын әкенің мәртебесін заман ағымына сай бейімдеп, жаңарту жайы айтылып, әке рөлінің ұрпақ тәрбиесіндегі орнына тоқталды. Баланың тұлғалық қасиетін қалыптастыруда әкенің рөлі жоғары екенін насихаттайтын мысалдар келтірілді. Семинар барысында әке­лер ризашылығын білдіріп, мектеп жаны­нан әкелер кеңесі құрылса деген ұсыныстарын білдірді. «Еркекке тіс те ке­рек, іс те керек, білек те керек, жүрек те керек…» деген Ғабит Мүсіреповтің сөзін бас­шылыққа алсақ, әкенің статусын көтеруден ұтпасақ ұтылмасымыз анық екендігі тағы бір мәрте дәлелденді.

Меруерт Мәулет

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір