Реформаның бәрі де басталады дәптерден
Елімізде Білім саласына қатысты реформалар мен жүргізілген тәжірибелердің көптігі сонша, қазір ата-ана, мектеп ұжымы, оқушылар ненің не екенін ұғудан қалды.
«Жапалақ келіп жалп етті, жартысын ішіп ол кетті» демекші, Білім министрлігіне келген министр атаулы өзімен бірге жаңа реформаны жетектей келеді де… бәрін басынан бастайды. Алайда содан жақсарып, жаңарып жатқан ештеңе жоқ. Әйтсе де, қазіргі министр Асхат Аймағамбетовтің иіглікті істері кейінгі кезде көріне бастады. Бұл – әрине, өз алдына жеке әңгіме. Ал төмендегі жайт пен анау жат тілдегі дәптердің суреті министрді ғана емес, бәрімізді ойландыруы керек.
«Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан асты. Ал балалардың жазып, сызатын дәптерінің сиқы манау, – дейді әлеуметті желідегі парақшасында журналист Нұрлан Жұмақанов. – Баяғы кеңес заманындағы дәптердің сырты. Білім саласына қаншама реформа жасалды? Бірақ одан білім беру саласының гүлденіп кеткенін көрмедік. Негізі, білім саласындағы реформаны осы дәптердің бетінен бастау керек еді. 30 жылда «мына дәптердің бетіндегі жазуды өзгертейік» деген бір мұғалім, бір министрді көрмедік. Қысқаша айтсақ, бұл енді сұмдық».