Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталған…
12.03.2024
184
0

Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шара өткізді. Бұл шараға Қалижан Бекхожин, Оспанхан Әубәкіров, Тәкен Әлімқұлов, Қадыр Мырза-Әлі, Тұманбай Молдағалиев, тағы басқа о дүниелік болған қаламгерлердің жарлары мен Алматы қаласында тұратын Айша Көпжасарова, Зейнеп Ахметова, Шәрбану Бейсенова, Әлия Бөпежанова бастаған ақын-жазушы ханымдар қатысты. Ән мен жыр астасып, ақ дастарқан басында ақжарма тілектер айтылған кешті Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов сөз сөйлеп ашып, барша қаламгердің атынан құттықтады.
Жазушылардың жарлары естеліктерімен бөлісіп, прозашы ханымдар тілек айтып, ақын қыз-келіншектер жырларын оқыды. Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасарлары Қасымхан Бегманов, Бауыржан Жақып, Ғалым Қалибек, Нұржан Қуантайұлы ана, әйел, махаббат тақырыбындағы арнау өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ кеш барысында қазақ поэзия классиктерінің жырлары оқылды. Жүсіпбек Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінің студенттері әннен шашу шашты.
Құрметті қонақ болып келген ханымдарға сый-сыяпат көрсетіліп, сыйлықтар тапсырылды.

Айбаршын Шегебай

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір