Болашақ бүгіннен басталады

Жандосқызы Нұрай
ҚазХҚжӘТУ журналистика факультеті, 1-курс студенті
Болашақ бүгіннен басталады
Болашақ — алыс, қол жетпес арман емес. Ол дәл бүгінгі біздің ісімізден, ойымыздан және таңдауымыздан басталады. Әр адамның бүгінгі әрекеті ертеңгі қоғамның келбетін қалыптастырады.
Қазіргі жастар – елдің ең басты күші. Олардың білімге ұмтылысы, жаңалыққа ашықтығы мен еңбекқорлығы мемлекет дамуының негізгі тірегі. Сондықтан әр жас өз болашағын бүгіннен бастап құруы керек.
Бүгін жақсы оқып, пайдалы іспен айналысқан адам ертең табысты, елге пайдалы тұлғаға айналады. Ал жалқаулық пен немқұрайлылық – болашаққа тосқауыл.
Болашақ – дайын сыйлық емес, ол еңбектің нәтижесі. Егер әрқайсымыз өз ісімізге адал болсақ, еліміздің ертеңі жарқын болмақ. Өйткені болашақ — дәл бүгіннен басталады