«Ахмет байтұрсынұлы және ренессанстық өркениет»
15.10.2022
451
0

ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб пәтерінде Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және ренессанстық өркениет» атты халықаралық конференция өтті.

Конференцияны ұйымдастыруға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Франциядағы Қазақстан елшілігі ат салысты. Бұл туралы өзінің фейсбук парақшасында хабарлаған – алаштанушы ғалым Қайырбек Кемеңгерұлы. «Айтулы шарада баяндама жасауға елімізден алаштанушы ғалымдар, қоғам қайраткерлері барды. Бауырлас Түркия, Әзербайжан елдерінен алаштанушы ғалымдар мен Мюнхеннен Еуропа қазақтары қауымдастығының төрағасы Абдулхакқым Кесежи арнайы қатысты. Мұстафа Шоқай, Қажымұқан балуан, Әміре Қашаубаев бабаларымыз жүрген тарихи қалада Алаштың рухы тағы бір асқақтады», – дейді ол.
Салтанатты іс-шара аясында Ахмет Байтұрсынұлының ағылшын тілінде жарық көрген кітабы таныстырылды. Ахаңның өмірінен сыр шертетін көрме ұйымдастырылды.
Мәмбет Қойгелді: «Осы уақытқа дейін біз Ахаңды, Алаш тақырыбын жалпы ресейлік контекст деңгейінде ғана қарап келдік. Ал Алаш қозғалысы бүкіл дүниежүзілік өркениет биігінде қаралғанда ғана ол өз бағасын алады. Сонда ғана Алаш қозғалысының табиғаты ашылады. Сондықтан ЮНЕСКО шеңберінде жасалып жатқан Ахмет Байтұрсынұлы мерейтойы, біздің ғылым саласының әлемдік биікке түсуінің бір жолы», – деп атап өтті.
Ұлт ұстазын ұлықтау шаралары елімізде және шет елдер де жалғасын таба бермек.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір