ЛОГИСТИКА – БҮГІНГІ ЗАМАН МАМАНДЫҒЫ
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті еліміздің ғана емес, дүниежүзіндегі жоғарғы оқу орындары арасында өзіндік орны бар, ғылыми-педагогикалық дәстүрі бар оқу ордасы. Қазақ білімінің қара шаңырағында осы күні заманауи өмірге қажетті мамандықтардың көпшілігі бар. ҚазҰУ-де әр түрлі мамандық бойынша білім алып жатқан студенттер күні ертең сол білімін еліміздің сан саласына қолданады деп сенеміз.
Университеттің ең ірі факультеттерінің бірі болып саналатын Экономика және бизнес жоғарғы мектебінде (ЭжБЖМ) оқып жүрген студенттер де еліміздің экономикалық тыныс-тіршілігіне жаңаша серпін әкелер ұрпақ болмақ. Еліміздің барлық облыстарынан келіп білім алып жүрген студенттер күні ертең, өздерінің туған өңірлеріне қайта оралып, университетте алған білімін сол өңірдің әлеуетін кеңітуге жұмсары хақ. Экономика және Бизнес жоғарғы мектебінде студенттер ғана оқып қоймай, қашықтықтан оқыту әдісі бойынша жоғары білім және орта кәсіптік білім негізінде мамандар да даярлайды. Сондай-ақ, студенттердің әскери дайындықтан өтуге де мүмкіндігі бар. Факультет деканы э.ғ.к., доцент Б.Ж.Ермекбаева.
Бакалавриатта білім алған, ғылым саласына және педагогикалық қызметке бейімі бар студенттер магистратураға, (PhD) докторантураға түсуге мүмкіндігі бар.Экономика және бизнес жоғарғы мектебінде «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы әр түрлі салаларда қызмет ететін жоғары білімді мамандарды даярлайды. Бұл кафедра 2011 жылы «Менеджмент және бизнес» пен «Маркетинг» кафедраларын біріктіру негізінде құрылды. Кафедра меңгерушісі э.ғ.д., профессор К.С.Мұхтарова.Бүгінгі күні біз білім алып жатқан логистика мамандығы осы кафедрада оқытылады. Логистика дегеніміз – жүк қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған экономика саласы. Ал логист дегеніміз – жүк қозғалысын ұйымдастыру барысындағы көлік түрін таңдау, маршрутын анықтау, шығындарды басқару және қойма ісін жүргізудегі мәселелерді шешетін маман. Қазіргі таңда логистика мамандығы ең сұранысқа ие алдыңғы қатардағы мамандық.
М.Д.Шарапиева,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің
«Экономика және бизнес» жоғарғы мектебінің
«Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы.
Қ.Ж.Слам,
Логистика мамандығының 4 курс студенті.
ПІКІРЛЕР27