«Қазақстан – қасиетті Отанымыз, басқа Отан жоқ!»
01.04.2022
291
0

Түркістан қаласында «Қазақстан мәслихат­тары депутаттарының бірлестігі» республи­калық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің отырысы өтті. Аталған жиынға Түркістан облысы­ның әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мәслихат­тары­ның хатшылары, депутаттар, Түркістан облысы қалалары мен аудандары мәслихат­тарының хатшылары қатысты.

Қазақ­стан мәслихат­тары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі және Түркістан облыстық мәслихаты ұйымдастырған жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жолдары сөз болды. Жиынды «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеу­бек Мұқашев жүргізіп отырды.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысы тарапынан өңірге жақсы көңіл бөлініп жатқанын, Түркістан – бірлік пен татулықтың орталығы ретінде дамитынын тілге тиек етті. Ел бірлігін нығайтуда Түркістан тәжірибесі жоғары бағаланғанын атап өтті. Жолдаудағы басым бағыттарға тоқталып, облыстың даму барысымен таныстырды.
«Қазақстан мәслихат­тары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақ­стан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын жүзеге асыру бойынша қазақ­стандықтарға «Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік!» атты Үндеуін жолдады.

Қымбатты
қазақстандықтар!
Біз «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі қасиет­ті рухани қаламыз Түркістанда бас қоса отырып, Отанымыз, ардақты Атамекеніміз – Қазақстан Республикасында мәнісі зор, мағынасы терең жаңа кезеңдер мен тарихи өзгерістер болып жатқан сындарлы сәтте ыстық ықыласпен ҮНДЕУ арнап отырмыз.
Қазір әлемде түрлі гео­саяси жағдайлар орын алып, қырғи-қабақ қатынастар кезеңін бастан өткеріп отырған уақытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдің саяси-экономикалық жүйесіне түбегейлі реформалар енгізу арқылы болашағы жарқын, келешегі кемел ел құру жөніндегі ізгі істі қолға алды. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында «Жаңа Қазақ­стан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын жолдап, «Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстан құру. Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақтағы айнасы», – деп халықты ұлы мақсатқа бірігуге шақырды.
Президенттің Жолдауында айтылған экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін жаңғырту, саяси реформаларды іске асыру, өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану, елдің даму­ының тұтас стратегиясын белгілеу сынды жасампаз жаңалықтар, орасан зор реформалар бәрімізге жоғары жауапкершілік жүктейді. Ынтымағымызды, бірлігімізді, татулығымыз бен тұрақтылығымызды көздің қарашығындай қастерлеп, жұмыла жұмыс жүргізгенде ғана алға қойған мақсат­тарға қол жеткіземіз.

Құрметті
отандастар!
Қазір елімізді дамытатын кезең. Ендеше, Тәуел­сіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін еселеп, дамудың даңғыл жолына түсеміз десек, әрбіріміз Жаңа Қазақстанды құруға өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ел Президенті айт­қандай, әрбір нәтижелі істің ілгері басуы адамның өзінен басталуы қажет. Бұл оңай шаруа емес, десек те, бұған білек сыбана кірісіп, аянбай тер төгу – келешек ұрпақ алдындағы біздің ортақ парызымыз.
Қазір біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Жаңа Қазақстан идеясын сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық екені даусыз.
Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халқына арнаған Жолдауындағы міндеттерді нәтижелі іске асыруда татулық пен бірліктің жоғары үлгісін таныта білейік!
«Қазақстан – қасиетті Отанымыз, басқа Отан жоқ!» – деп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, мемлекетімізді одан әрі дамыту мен жаңарту жолында баршамыздың жұдырықтай жұмылып әрекет етуіміз аса маңызды.
Қазақстанымызды бірлігі мен ынтымағы жарасқан, ерекше еңбексүйгіш, рухани жағынан жаңғырып, жаңарған, жан-жақты өнегелі, өзгеше мемлекетке айналдыруға шақырамыз!

«Қазақстан
мәслихаттары депутаттарының бірлестігі»
республикалық
қоғамдық бірлестігі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір