«КЕМЕЛ АДАМ»​ ​ 
16.11.2021
1970
0

Дінтанушы, ұстаз Қайрат Жолдыбайұлының “Кемел адам” атты шығармашылық кеші халықтың көңілінен шыққанына күмәнім​ ​ жоқ. Олай болмаса​ ​ сонша халық жиналып келмес еді. Араға бір орын тастап отырып отырғанның да қайыры бар шығар. Әйтпесе зал былай да толап кетті. Екі сағат уақытымыз көзді ашып жұмғанша өтіп кетті.​

Мұхтар Әуезов театырының актерлары “Кемел адам” монологын оқып, артынша Қайрат Жолдыбайұлы ортаға шықты. Кештегі ең сүйікті актерларымыздың бірі​ ​ Бекжан аға Тұрысты көріп қуанып қалдым. Ақ шапанын киіп, абыз ата, әке, ұстаз болып та өз рөлін әдеттегідей керемет алып шықты. Көп адамның ойлаған шығар​ ​ Қайрат ұстаз дін адамы көп болса өмірбаяны мен жай бір уағыз айтып кешті өткізер деген оймен келгендер де бар шығар. Кім біледі?!​

Қайрат ағаның сабырлы да салмақты мінезімен​ ​ басталған әңгімесін ұйып тыңдаған халық уақыттың қалай өткенін байқамай қалды.​

“Сен жолға​ ​ шық, жол өзі апарады” деп, Қайрат ағамыз 9 жасынан​ ​ ілім аламын деп​ ​ бір​ ​ қаладан басқа қалаға емес, басқа мемлекетке барып​ ​ оқуға барып,​ ​ екі үш жылға дейін​ ​ үйге қайтпай сол жерде білім алғаны туралы әңгімесін бастағанда не деген қайсарлық пен өжеттілік, не деген жүректілік деп қазіргінің балаларымен салыстырып ойланып қалады екенсің.​

Қайрат ұстаздың Құран әліппесін алғаш үйреткен Талғат ұстазы мен жарына (жеңгесіне) алғыс айтып, ұстазға деген құрметін көрсетіп сый жасап, Умра қажылығына жолдама берді.

Нұрбол Сейілбек інісіне “Кемел адам” күйін шығартыпты. Қос ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра, Нағыз қазақ -​ ​ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра деп, кеште бір күйді екі рет орындады.​ ​ Кештің мәнін келтіріп отырған “Қас-Сақ” этно-ансамбілі “Кемел адам” күйін домбыра , қобыз, шаңқобыз сияқты түрлі аспаптармен​ ​ басқаша бөлекше орындап шықты.

Әрбір адамның жарық дүниедегі жақыны, жаңашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған, дүниеге тіршілік әкелуші анасы.​

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды” дегендей Қайрат ағамыздың халық алдында аяулы анасына гүл шоғын ұсынуының өзі анасы үшін​ ​ қандай қуаныш, қандай бақыт.​

​ Текті сөздің төресі терме демекші, Жәкен Омаров Майлықожа бабамыздың «Ата-ананың қадірі» термесімен жалғап жіберді.​

Кештің​ ​ соңын​ ​ ​ «Хикмет» тобының Алланың тоқсан тоғыз есімін айтуымен аяқталды. Жаратушымыздың ұлы есімдерін естіген сәтте жүрегің жібігендей күй кешесің. Рухани байып, бір марқайып қайттық. Бұл кеш бұрынғы кештен өзгерек болды.​

Айгерім ТАНКЕБАЕВА,
Сарыбұлақ орта мектебінің
11-сынып оқушысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір