NIS қабырғасында Марат Бисенғалиевпен кездесу өтті  
29.09.2021
315
0

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде  қазіргі заманның атақты музыканты, әлемге әйгілі виртуоз-скрипкашы Марат Бисенғалиевпен кездесу болды. Кездесудің басты тақырыбы жақында Алматыда,  Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттің филармониясында әлемдік турне бастаған «Mission to Mars» симфониясының дүниежүзілік тұсаукесері болды.

Кездесу барысында  оқушылар заманауи музыкалық құбылыстармен, музыканттың Абай, Шәкәрім шығармашылығына арналған жобаларымен танысты, қазақ музыкасының шетелде танылуы және оның әлемдік мәдени кеңістікке одан әрі ілгерілеуі туралы құнды мәлімет естіді, өздерінің көптеген сұрақтарына жауап алды, атақты дирижер мен скрипкашының орындауындағы классикалық музыкадан ләззат алды.

Жүргізуші, 12 ‘B» оқушысы Жаңыл Кәлетаеваның  -«Неге Марс? Бұл миссия орындалуы мүмкін бе?» деген алғашқы сұрағына Марат Бисенғалиев өз әңгімесін өрбітті. Музыкант алдымыздағы  жиырма жылдан астам уақытта адамзат  Марсқа ұшып қана қоймай, сол жерде өмір сүретініне сенетінін жеткізді. 

– Осы симфония сол кезде қызыл ғаламшарда ойнатылуы әбден мүмкін,- деген ойын да білдірді.

«Mission to Mars» халықаралық мәдени жоба-симфониясын АҚШ, Ұлыбритания, Тунис, БАЭ, Үндістан заманауи жас композиторлардың интернационалдық құрамы  дүниеге әкелді. Ал Марат Бисенғалиев жобаны Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының қатысуымен ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің дирижері ретінде жүзеге асырды. Музыкант симфонияны қою барысында жұмыстың ерекшеліктері және оны әлемдік концерттік алаңдарға  шығаратын жоспарларымен бөлісті.

«Нұр сазы» мектепшіл этнографиялық ансамблінің өнерін  қонақ  ыстық ықыласпен қабылдап,    әңгіменің  тақырыбы қазақ ұлттық музыкасын әлемдік мәдени кеңістікке әрі қарай таныту  төңірегіне ауысты. Марат Бисенғалиев Абай, Шәкәрім шығармашылығына арналған жобаларына жан-жақты тоқталды.

  • Замануи стилінде жазатын ағылшын композиторы Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас», «Дудар-ай», «Қарлығаш» халық әндері сияқты көрнекті әуендерге скрипкаға арналған сюиталар жазған. Батыс композитордың қазақ музыкасының үйлесімділігі мен шынайылығын терең түсінгені мені қатты толқытты, мен  осы сюиталар  арқылы  әлемдік классикалық сахналарда   біздің төл мәдениетімізді  кеңінен танытуға тырысамын. Қазақтың ұлттық музыкасы-біздің байлығымыз, қазынамыз, оны біз біліп, үйреніп, келесі ұрпақтарға мұра ретінде қалдыруымыз керек. Зияткерлік мектепте, мен білгенімдей, түрлі жобалар арқылы оқушылардың рухани, музыкалық дамуына үлкен көңіл бөлінетіні  өте қуантады, бұл жаһандану заманында   өзіміздің ұлттық коды сақтап қалу үшін өте маңызды, — деп атап өтті Марат Сәметұлы .

NIS қабырғасындағы айтулы кездесу танымал дирижер, музыкант Марат Бисенгалиевтің орындауындағы скрипка әуенімен өз мәресіне жетті.

  • Марат Сәметовичпен кездесу біз үшін аптаның тамаша бастамасы болды. Біздің әрқайсымыз әлемдік деңгейдегі музыканттың тәжірибесімен танысып қана қоймай, скрипкашы-виртуоздың ойынын тыңдауға мүмкіндік алдық. Сондай-ақ, қонағымыздың ойлау ауқымын атап өткен жөн. Ол музыка туралы ел немесе планета аясында емес, біздің галактикамыздың шекарасынан тыс айтады. Мұны оның классикалық музыка біздің кеңістіктің  кез — келген бұрышында түсінікті болуы керек деген сөздерінен байқауға болады,-деп 9-сынып оқушысы Санжар Ғалиев өз әсерімен бөлісті..

— Бүгін виртуоз-скрипкашымен ерекше кездесу өтті, ол мен үшін аса құнды, себебі  скрипкаға   аспап ретінде деген менің сүйіспеншілігімді оятты. Бай тәжірибе, музыкалық құбылыстар, кеңестер, оның өміріндегі айтулы оқиғалар, философиялық пайымдау және, әрине, тамаша музыка – мен осындай айтулы іс-шараға қатысқаныма қуаныштымын, — деп 9 «А» сынып оқушысы Айсұлу Нұрғожина кездесуден кейін өз эмоцияларын жеткізеді

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір