«АЛМАТЫ СУРЕТШІЛЕР КӨЗІМЕН»
24.09.2021
479
0

 

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде айтулы мереке – Алматы қаласы күніне орай 2021 жылдың 19 қыркүйегінде «Алматы суретшілер көзімен» атты көрме өз есігін айқара ашты. Дарынды суретшілердің шығармашылық әлемі қаланың көпқырлылығын әйгілеп, белгілі көрікті жерлерді, бірегей архитектураны, қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орындарын, қарапайым тыныш көшелерді кескіндеген.

Көрмеге «Жауһар» сурет галереясы ұсынған заманауи суретшілердің туындылары қойылды. Нұрлан Жошыбаев, Максим Ведерников, Ерлан Жалиев, Александр Ермоленко, Сергей Кравцов, Рашид Құлбатыров, Сәрсен Омышев, Алексей Уткин, Евгений Фридлин, Ерболды Хамиров сынды суретшілер заманауи қала және «Ретро Алматының» келбеті көрініс тапқан қалалық пейзаж жанрындағы туындыларын көрерменге ұсынады.

Суретшілердің шығармашылық еңбектері негізінен лирикалық көңіл-күйге, дәлдікке және графикалық экспрессивтілікке толы. Көркем суреттер жылдың әр мезгілін, ұмытылмас түстер мен ырғақтарды, шеберлердің әрқайсысының өзіндік қолтаңбасын айшықтап, ерекше әсерге бөлейді.

«Алматы суретшілер көзімен» көрмесі алматылықтар мен қала қонақтарын бей-жай қалдырмайды деп айтуға әбден болады! Көрме 3 қазанға дейін жалғасын табады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір