МИХАЙ ЭМИНЕСКУ. «Бұның бәрі — бағзы арман, баянды түс барлығы…»
21.01.2021
997
0

Румын елінің ең ұлы шайырының шығармашылығына шолу жасамақпыз біз бүгін…

Михай Эминеску 1850 жылдың қаңтар айының он бесі күні Молдова кінәздігіне қарасты Ботошани қаласында дүниеге келген екен. Оның туған жері мен тегінің түрленуіне қатысты қарама-қайшы пікірлер бар. Қайсыбір зерттеушілер ақынның кіндік қаны тамған мекен ретінде Молдованың Ипотешти ауылын атағанымен, ғалымдардың  көпшілігі алғашқы нұсқаны құптайды. Тумысынан тегі Осман империясының үлгісінде Эмин болса да, жыр жампозының өзі алдымен славян халықтарына тән Эминович түріне өзгертіп, түбінде румынның ұлттық сипатына сай Эминеску қалыбымен қалдырыпты.

Үлкен әулеттен шыққан шайыр орта білім беретін мектепті бітірместен, көшпелі театрға еріп кетіп, сахна жұмысшысынан аудармашыға дейінгі біраз қызметтерді атқарыпты. «Қолымда болса менің…» атты алғашқы өлеңі 1866 жылы Пештадан шығып тұрған «Familya» журналында жарық көрген ақын, он сегіз жасынан  «Ориентул» («Шығыс») әдеби үйірмесіне мүшелікке өтіп, Бухарест театрында қызметте болған. Осы кездің өзінде Эминескудың тұңғыш поэмасы «Бүлінген бозбалалар» жарық көрген екен. Италиядағы Гарибальди бастаған ұлт-азаттық көтерілісінен рухтанған ақынды, румын жастарының осы бағыттағы бейжайлығы мен бейтараптығы ашындырғаны шығарманың әр шумағынан анық аңғарылады.

 Тағы бір жыл сахна саңлақтарымен бірге ел аралап кеткен Михай, әкесінің ақылына құлақ асып, Вена университетінің тыңдаушысына айналып, үш жыл бойы философия, филология, құқықтану ғылымдарынан дәріс алған көрінеді. Жырларының басым көпшілігі, «Құлазыған ғұлама» атты аяқталмаған романы осы кезеңде туған.

 Қоғамының қораш тұстарын сынға алған ақын, өзекті мәселелерді қозғап қана қоймай, Иоан Славичпен бірге «Конворбирь литераре» журналына жиі жазып, өміршең өлеңдерін лек-легімен жариялап жүрді. «Венера мен Мадонна» туындысы осы кезде әлі таныла қоймаған ақынға румын әдебиетінің классигі Майорескудың назарын аударып, ақсақалдың батасын алған жас пері «Фэт-Фрумос — көз жасының перзенті» поэтикалық ертегісін, «Бейбақ Дионис» новелласын және ең үздік поэмаларының бірі «Эпигонаны» бір мезгілде жарыққа әкеліп, кезегімен жариялап жатты.

 «Жуними» шәкіртақысына ие болған Михай Эминеску Берлин университетінде саяси экономика мен философия бойынша лекциялар тыңдап, нәтижесінде «Періште мен пері»,  «Император мен бұқара халық» секілді ең шаһқар шығармаларын жазып шыққан. Керемет әдеби туындыларды дүниеге әкеліп, өз елінде ғана емес,  жарты жаһанға танымал болып үлгерген марғасқаның мұқтаждықта ғұмыр кешіп, ішер ас пен киер киімге жарымай бес күн жалғаннан өте шыққаны саналы адамның жанын жүдетпей қоймасы анық.

 «Тимпул» («Уақыт») журналын И. Славич, И.-Л. Караджале қатарлы қаламгерлермен бірге шығарып, консервативтік бағыттағы басылымды біршама басқарған ақын, саясатта да сайыпқырандық танытып, сауатты сараптамалар жасай алды. Қоғамның жараларын жазбай танып, дұшпан түгілі, досын да сынмен сойып салатын салқынқанды сұңқардың сойы еді ол!

1881 жылы әлеуметтік-философиялық  толғамдарының жиынтығы «Жолдауларды»  тәмамдап, сол жылдары румын әдебиетінің ғана емес, төрткүл дүниеге ортақ рухани құндылықтардың жауһарларының санатындағы «Лучафэр» поэмасын бастап, сегіз жылдан кейін ғана аяқтай алған екен арда ақын. Ұлы туынды адам бойындағы биологиялық барометр іспетті, бар адамзатқа тән кемшіліктерді де, ұлттар мен ұлыстардың баршасында бар ұлық дәстүрлерді де, салдақы саясат пен сатымсақ сананың «сапасын» сараптап, озық ойлы оқырманды туындыгер тұлғаның түбінде тағдырынан  аса алмай, тұлдыр қаларына сендіре алған…

Көзінің тірісіндегі жалғыз жинағы (толық емес) 1883 жылдың соңында жарық көрген Михай Эминеску, бұл елеулі оқиғаға да, елдің қолпаштап, құрметтеуіне де немқұрайлы қарады… Сырқаты күшті еді. Жан күйігі кемірген ақын аштан өліп қалмау үшін үздіксіз еңбектеніп жүріп, түбінде жындыханалардың асқынған аурулар бөлімінің «аборигеніне» айналған-ды. Арасында есін жиып, шығармашылыққа оралған сәттері де болыпты. Алайда алысқан ауру алмай қоймады… Ақиық ақын, адамзаттан асып туған алып тұлға 1989 жылдың маусым айының он сегізі күні отыз тоғыз жасында Бухаресттің байырғы ауруханаларының бірінде көз жұмды!

КАМАДЕВА
От любовных мук страдая,
в сетях сна, в плену обмана,
кликнул я у смерти края
Каму, бога Индостана.

Он на спинке попугая
прилетел, надменный мальчик,
лицемерно улыбаясь
щерил ротика коралльчик.

Он крылат, в его колчане
стрелок-цветиков отрава,
точно смертное молчанье —
с Ганга горькая отава.

Вынул цвет он из колчана
и пронзил мне сердца тушку.
С той поры один ночами
плачу я в сову-подушку.

Так казнил меня убого,
без взаимности прекрасной,
отпрыск неба голубого
и иллюзии напрасной.
(Румын тілінен орыс тіліне аударған Терджиман Қырымлы)

КАМАДЕВА
Махаббатым  сорлатып, мұң құшқанмын,
Түс тұзағы, арбаудың тұйығынан,
Ұран салып Камаға, Үндістанның
Құдайына, қазаның қиырынан.

Тотықұстың жонына бекіп ізгі,
ұшып жетті ол, тәкаппар бала сынды,
күлім қағып езуі екіжүзді,
ауызында ақ маржан аласұрды.

Қос қанатты, қаралы қылшанында
у тұндырған жебе-гүл бас құрады,
үнсіз уыт, ащы ажал бір сарында —
Ганг бойының заһарлы жас құрағы.

Ол суырды қылшаннан гүл-жебені,
жүрегімнің сәулетін сөгіп тынып.
Содан жалқы түремін түн желегін,
құс жастыққа көз жасын төгіп тұрып.

Кесіп мені өлімге, пақыр еткен,
үйлесімсіз өзара, нұрлы, әдемі,
перзенті еді Аспанның (заты — Көктен!)
және қысыр қиялдың (құр дәменің!).

О, МАМА!..
О, мама! Из печальной обители своей
Зовёшь меня дыханьем и трепетом ветвей.
На тёмную могилу, где приютилась ты,
Акации роняют увядшие цветы.
В их шелесте твой голос мне слышится опять…
Так шелестеть им вечно, тебе же — вечно спать.

Любимая, когда покину я этот свет,
Над прахом безответным не надо плакать, нет!
У моего надгробья лозинку посади, —
Её кропить слезами под вечер приходи.
И скоро надо мной начнёт листва шептать…
Жизнь будет вечно юной, я буду вечно спать.

Но коль судьба уйти нам в один и тот же час,
В одном гробу, родная, пускай схоронят нас;
Пускай нас закопают на берегу речном,
Где волны грустно плещут в безмолвии ночном;
Так будем близко, близко, блаженно мы лежать…
Пусть волны вечно плачут, мы будем вечно спать.
(Румын тілінен орыс тіліне аударған Э.Александрова)

УА, АНАШЫМ!..
Уа, анашым! Мені мұңлы мекеніңнің төрінен
Шақырасың бұтақтардың дірілі һәм демімен.
Қап-қараңғы қабіріңе, қалған өзің тұрақтап,
Қалың қара қараған да солғын гүлін құлатпақ.
Сол сыбдырдан дауысың маған тағы естілді құмығып…
Сыбдырламақ олар мәңгі, бақиға өзің тынығып.

Сүйіктім-ау, мен де жарық дүниеден озғасын,
Сол бір үнсіз мүрдені елеп,төкпеңдерші көз жасын!
Көктасымның жанына егіп жүзімнің жас өскінін, —
Көз жасының тамшыларын сеуіп тұрғын кешқұрым.
Күбірлесер басымдағы жасыл желек жаңғырып…
Ғұмыр бақи балғын жас боп, мен ұйықтармын мәңгілік.

Болса тағдыр бір мезетте дем үзерлік, бөлмесін,
Бір табытта, жаным, бізді бірге арулап, жерлесін;
Дарияның жағасына көмсін бізді дүбірсіз,
Түн тұр үнсіз толқындар шер тарқатқанда тынымсыз;
Жатамыз-ау жақын, жуық, жандарымыз жайланып…
Жатсын жылап толқын мәңгі, біз бақиға байланып.

ПОДНЯЛАСЬ НАД СИНЬЮ ВЗОРОВ…
Поднялась над синью взоров
Бахрома ресниц густая,
Рай надежд и ад укоров
Предо мною открывая.

Воздевая пальчик строго,
Призываешь ты ретиво
Гнать безумье от порога,
Усмирять свои порывы.

И в счастливом нетерпенье,
Как обнять тебя, не чая,
Нечестивца исправленье
Я на завтра назначаю.

День за днём куём мы звенья
Нескончаемой цепочки:
Поцелуи, поученья,
Бесконечные отсрочки.
(Румын тілінен орыс тілінен  аударған Э. Александрова)

КӨТЕРІЛГЕНДЕ КӨКЖИЕГІНЕН  КӨЗДЕРДІҢ…
Көтерілгенде көкжиегінен көздердің
Кірпіктеріңнің шашақтарының қалыңы,
Алдымнан менің ашар сәтіне кез келдім,
Үміт жұмағын һәм табалаудың тамұғын.

Саусақты көкке кезеніп қатқыл түрменен,
Сол бір мезетте құлшынып тұрып үн қаттың
Ессіздіктерді аулаққа қуып  іргеден,
Тежеуге екпінін бойдағы жойқын ырғақтың.

Тағатсызданған бақытты шақта бүгінгі,
Таба алмай ретін құшудың сені қас-қағым,
Теліні тезге, салуды жөнге зұлымды
Ертеңге күнге белгілеп өзім  тастадым.

Күн озған сайын мұрат боп жалғау үзбесін
Шынжырдың шексіз, соққанда иін қандыру:
Сүйісулер мен тағылымдардың тізбесі,
Кемімейтін еш кейінге тағы қалдыру.

ДОБРОЙ НОЧИ
Птицы смолкли. Тихо стало,
Сон крылами веет в очи.
Спят цветы, склонясь устало, —
Доброй ночи!

Лишь в траве ручья журчанье —
Словно сладостная дойна.
Лес уснул. Вокруг молчанье, —
Спи спокойно!

И, качаясь, лебедь дремлет
На воде в тени осоки…
Тише! Пусть его обьемлет
Сон глубокий!

И луна взошла, и тени
Всё чернее и короче.
Всё — мечта, всё — сновиденье…
Доброй ночи!
(Румын тілінен орыс тіліне аударған А.Эфрон)

ҚАЙЫРЛЫ ТҮН
Құс қосыны тыншыды. Үнсіздіктен күй еміп,
Жанарларды желпіген түн қанаты жайылды,
Гүлдер қалың ұйқыға қалжыраңқы сүйеніп, —
Түн болсын қайырлы!

Шүйгін шөпте сыбдырлап сырғып аққан жылғадай —
Тәтті жырдан тұшынып, аялдаған амалсыз.
Ұйқы құшқан ну орман. Мүлгіп үнсіз тұр маңай, —
Ұйықтағын алаңсыз!

Маужыраған аққуды су айдыны терберде,
Көлеңкесі қияқтың бойын баурай түскенде…
Тыныш! Құстың төресі елти түссін, енгенде
Тұңғиық түстерге!

Ай аспанға қонған-ды, көлеңкелер қалғыды
Қарайғанда қалдығы, қалпын қысқа қайырды.
Бұның бәрі — бағзы арман, баянды түс барлығы…
Түн болсын қайырлы!

  ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР:
*   Ақынның беймәлім болған туындыларының көпшілігі, ұлы қаламгер көз жұмғаннан кейін жеке заттарын сұрыптау барысында анықталған.
*   Эминеску шығармашылығына үнді дүниетанымы мен неміс философиясы ықпал еткені сөзсіз. Кант пен Гейне еңбектерін румын тіліне аударған.
*   Қазіргі румын әдеби тілі Эминеску қалыптастырған аса бай һәм көркем сөздік қордың негізінде дамып, заманауи бейнесінде бекітілген.
*   Молдова халқы да Михай Эминескуді өздерінің классикалық көркем әдебиетінің атасы санайды.
*   Ақынның шығармалары жүзге тарта әлем тілдеріне тәржімаланған.Биыл ұлы шайырдың туындылары төл тілімізде де жарық көрмек.
*  Джордже Кошбук, Никита Стэнэску, Анна Бландиана, Марин Сореску, Лучиан Блага, Мирча Кэртэрэску, Мирча Динеску (диссидент ақын!), Тристан Тцара сынды замандарының заңғарлары да, бүгін бүкіл әлемнің әңгімесінің өзегіне айналған «Михайдың жасындағы» жаһан жырауы Линда Мария Барос та Эминеску қалдырған мол мұраның мирасқорлары, заңды ізбасарлары…Кейінгі екі ақын француз тілін де жатсынбай жазғандықтан, ол елдің де бұл екі шайырға таласы бар!
*   Эминеску есімімен көптеген көшелер, елді мекендер, оқу орындары, әдеби сыйлық, Меркурийдегі кратер аталған.
*   Пакистан, Молдова, Украина, Армения секілді мемлекеттер ұлы ақынның  құрметіне ескерткіштер орнатып, естелік маркалар да шығарған екен.
*    Румынияның ең құнды ақшасы 500 лейге ақын келбеті кескінделген.
*   Румыния Ұлттық Ғылым Академиясының мүшелігіне Михай Эминеску өмірден өткен соң қабылданған.
*   Михай Эминеску шығармашылығы ең көп әрі аса көлемді зерттелген әлемдік деңгейдегі қаламгерлер қатарында тұр.
*   Ақынның румын халқында кең таралған қосалқы аты «Лучафэрул литературий ромыне» («Румын әдебиетінің таң жұлдызы») екендігін де біле жүрейік!

АЛАШТУҒАН

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір