«Археология және этнология» мамандығының білім жүйесіндегі орны
06.12.2020
298
0

Қазіргі таңдағы адамзаттың даму тарихын,рухани және материалдық мәдениетін   зерттеуде археология және этнология мамандығының маңызы өте зор.

Археология- тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін сала.

Этнология қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты негізде зерттейді.Сондықтанда археология және этнология саласы бойынша мамандар даярлау бүгінгі күннің талабы. Осы бағытта қабілетті және білікті мамандарды даярлауда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультеті маңызды жумыстар атқаруда.

Факультеттегі археология,этнология және музеология кафедрасы 1971 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің ректоры У. А. Жолдасбековтың ұсынысы бойынша ең алғаш Қазақстанда тарих факультетінде ашылды. Қазіргі таңдағы республикада және оның сыртқы аумақтарында жоғары маманданған кадрлар дайындау орталығы – археология, этнология жәнемузеология кафедрасы  болып табылады. Сол кезде кафедра меңгерушісі болып Қазақстанда танымал археолог А. М. Оразбаев шақырылды.Бұл маманданған кафедраның ашылуына Қазақстандағы археологиялық – этнологиялық ғылымның интенсивті дамуы әсер етті. Әсіресе ХХ ғ. екінші жартысында маманданған археологтар мен этногрофтар тарих саласы үшін өте қажет болды. Осы кафедрада университеттегі тарих факультетінің археологиялық және этнографиялық мұражайына негіз болған археология және этнография кабинеті құрылды.Кафедраның құрылған күніннен бастап, оны Қазақстандағы әйгілі ғалымдар басқарды. 1971 жылдан бастап 1974 жылға дейін — т.ғ.к., доцент А. М. Оразбаев, 1974 жылдан бастап 1988 жылдар аралығында — т.ғ.д., профессор У. Х. Шалекенов және 1989 жылдан бастап 2011 жылдар аралығында — т.ғ.д., профессор А.Т. Төлеубаев, 2011 жылдан 2016 жылдар аралығында -т.ғ.д., профессор А.Б. Қалыш, 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін -т.ғ.к. Ғ.Қ.Омаров басқарып отыр.

Болашақ  тарихшы — археолог, этнолог мамандарын дайындау жоғары сапамен қамтамасыз етуге бағытталған археология, этнология кафедрасының профессор – оқытушылар ұжымының қызметі «Білім туралы» заң, ҚР Үкіметінің қаулылары, Білім және Ғылым Министрлігі заңдары және «Университеттің даму жоспары» ережесі сондай-ақ, Мемлекеттік білім беру стандарттары, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Археология және этнология саласы бойынша студенттердің кәсіби білімін бекіту мақсатында Жамбыл облысы Шу ауданында орналасқан «Ортағасырлық Ақтөбе» қалашағы-базасында 3 жыл қатарынан оқу және өндірістік тағлымдамадан өтеді.  Осы орайда, әл-Фараби атындағы Қазақ Қлттық университетінің археология, этнология және музеология кафедрасының атқарып отырған қызметінің маңызы орасан зор екендігін атап айтқымыз келеді.

 Мақала жетекшісі: М.Қ.Егізбаева,
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ археология, этнология және
музеология кафедрасының  доценті, т.ғ.к.

Нұртай КҮНБЕК
Тарих, археология және
этнология факультеті «5В020800 — Археология және этнология»
мамандығының 4-курс студенті

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір